ҚҚЭУ ҒЗИ

Қарағанды Экономикалық униыерситет базасында экономика және құқық саласын қамтитын екі ғылыми-зерттеу институттары жұмыс атқарады:

1. Жаңа экономика және жүйелік талдау ҒЗИ ( ЖЭЖТ ҒЗИ).


2. Экономикалық және құқықтық зерттеу ҒЗИ (ЭҚЗ ҒЗИ).


Көрсетілген ғылыми құрылымдық бөлімшелер 2010 жылғы 28 қыркүйектегі Ғылыми Кеңестің отырысының шешімін орындау барысында, Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінің ректорының 2010 жылғы 1 қазандағы № 42/1-п бұйрығымен университеттегі құрылымдық бөлімше құқығы барысында «Жүйелік анализ бен жаңа экономиканың ғылыми – зерттеу институты» және «Экономикалық және құқықтық зерттеулердің ғылыми- зерттеу институты» құрылды.

ЖЭЖТ ҒЗИ –жаңа экономика, экологизация мен инновация саласында бастама және қосымша ңылыми зерттеулер жүргізу мақсатында құрылған, сонымен қатар Университеттегі басқа да салаларда жұмыс жасауға және ғылыми ізденулерді жоғарылатуға арналған.
ЖЭЖТ ҒЗИ кадрлық құрылымында: 3 экономика ғылымдарының докторы, 1 экономика ғылымдарының кандидаты, 1 техника ғылымдарының кандидаты, 3 ғылыми дәрежесі жоқ ғылыми қызметкер, 1 лаборант қызмет атқарады. ЖЭЖТ ҒЗИ дәрежеленуі 60 % ды құрайды.
ЖЭЖТ ҒЗИ екі ғылыми бөлімшеден және бір ғылыми кеңседен құралады: инновациялық даму мен бастама зерттеулердің ғылыми бөлімшесінен, маркетингтік ғылыми бөлімше мен бизнес- коммуникацияның қалыптасуынан құралады.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Айнабек К.С. бастамасымен ЖЭЖТ ҒЗИ-де Қазақстанның зкономикалық нарығындағы әлеуметтік бағытты дамыту бойынша және Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық экономикасын дамыту бойынша ғылыми мектеп құрылып, қызмет атқаруда.
Ғылыми мектеп келесідей құралдармен жұмыс жасауға негізделген:
«Экологияның үйлесуі және жаһандану шарты», жұмыстың нәтижесі ұжымдық монография мен оның жарыққа шығуы болып табылады: «Экологияның үйлесуі және жаһандану шарты»
«Аймақтың индустриалды- инновациялық экономикасында замануи талаптарға сай адам апиталының дамуы: Қарағанды облысы мысалында», жұмыстың нәтижесі болып ұжымдық монографиялық жұмыстың жарыққа шығуы болып табылады: «Аймақтың индустриалды-инновациялық экономикасында замануи талаптарға сай адам апиталының дамуы: Қарағанды облысы мысалында »

ЭҚЗ ҒЗИ – экономика және құқық саласында бастама және қосымша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында құрылған, сонымен қатар Университеттегі басқа да салаларда жұмыс жасауға және ғылыми ізденулерді жоғарылатуға арналған.
Институт құрылған кезеңнең бастап заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ханова Т.А. бастамасымен экономикалық- құқықтық зерттеулер мектебі жұмыс жасайды, кешендік зерттеулер қатарын әлеуметтану, экономика, құқық ғылымдары толықтырады. Институтта студенттер, магистранттар, докторанттар,университеттің жетекші кафедра ұстаздары мен аға-ұстаздары қызығушылық танытқан творчестволық атмосфера орын алған.

 

Қазіргі таңда ҚР БҒМ ҒК мен жасалынған келісімшарт аясында «Индустриалды-инновациялық даму талаптарына сай экономикалық субьектілердің заңи қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау» атты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. (мемлекеттік тіркеу номері 28.02.2013 бастап 0113РК00101)
Ғылыми мектептің қызметі келесідей ғылыми зерттеулер жүргізу барысында жүзеге асады:
1. «Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері», жұмыстың нәтижесі болып ұжымдық монографиялық жұмыстың жарыққа шығуы болып табылады: «Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері »
2. «Нашақорлықа қарсы әрекет етудегі мемлекеттік және қоғамдық жүйе» нәтижесінде «Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нашақорлықпен қылмыстық- құқықтық күрес» монографиясы жарыққа шықты.
3. «Жеке тұлғаның заңи қызығушылықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері», зерттеу нәтижесінде «Жеке тұлғаның заңи қызығушылықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету және көрсетілген қылмыстық жағдайларды тіркеу туралы қорғаушының қызметі» атты ұйымдық монографиялық жұмыс жарық көрді.
4. «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық дамуының мәселері мен жетістіктері» нәтижесінде «Экономиканы мемлекеттік реттеу» атты кітабы басылымға шыққан.
5. «Қоршаған ортаны қорғаудағы экономикалық-құқықтық қатынастардың жүзеге асырылуы» зерттеу нәтижесінде «Жаһандану талаптарына сай экология мен экономиканың ұйлесуі» атты ұйымдық монография басылымға шықты.
Институт базасында «Технологияның транферті мен коммерциализациясы» атты ғылыми кеңсе ашылған. Қызметтің бағыты болып университет кафедрасы мен ғылыми зерттеу бөлімшелерінің интеллектуалдық обьектілерін білім, өндіріс және басқару саласына өңдеп енгізу болып табылады.

 

ЖЭЖТ ҒЗИ мен ЭҚЗ ҒЗИ-да магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстары жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
ЖЭЖТ ҒЗИ-да «Технологияның коммерциализациясы мен трансферті» ғылыми кеңсе жұмыс атқарады, ЭҚЗ ҒЗИ-да «Технологиялық бизнес-инкубатор» атты ғылыми кеңсе жұмыс атқарады.

«Технологияның коммерциализациясы мен трансфертінің» ғылыми кеңсесі- (ТКТ) ЭҚЗ ҒЗИ ҚҚЭУ-тің құрылымдық бөлімшесі болып ҚҚЭУ табылады, және ғылыми жұмыс жөніндегі проректормен, факультеттер декандарымен, кафедра меңгерушілерімен байланыста жұмыс атқарады.
ТКТ мақсаты болып- профессорлық- оқытушылық құрамын (бұдан әрі ПОҚ) және инновациялық жобаларды құрастыру бойынша техникалық, ұйымдастырушылық және білім беру құралын жүзеге асыратын ғылыми жұмыскерлерді ғылыми-зерттеу жүйесіне тарту. Жобалық, кәсіпкерлік және ғылыми-зерттеу қабілетті үйлестіруге мүмкіндік беретін компетенцияны үлгілеу болып табылады.
ТКТ университеттің барлық бөлімшелері бойынша технологиялық трансферт пен коммерциялизациялық ұйымдастыруды бағдарлайтын орган болып табылады.
ТКТ ҚҚЭУ-тің басқа да бөлімшелерімен бірігіп ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке олардың коммерциализациясына бағдарланған ғылыми зерттеу және инновациялық жобалардың іске асыру мақсатында мониторинг пен анализ жүргізеді.
ТКТ ҚҚЭУ алаңдарында жариялау мақсатында ғылыми-зерттеулер мен инновациялық жобаларға конкурстық іріктеу жасайды.
ТКТ өткізілетін конкурстар жайында, инновациялық жобалардың қаржыландыру көздері туралы және қатысуға қажетті құжаттарды дайындау жайында ақпаратты толығымен жеткізеді.
ТКТ әдістемелік, ізденушілік және бастамалық ғылыми зерттеулерде ҚҚЭУ-тің жетекші құрамының,факультет кафедраларының ПОҚ, ғылыми жұмыскерлердің, докторанттардың, магистранттардың, студенттердің қатысуын қамтамсыз етеді.
ТКТ осы ТКТ құрамында болған ғылыми және инновациялық жобаларға экспертиза жүргізіп, реттейді

 

 

 

1.     Жаңа экономика және жүйелік талдау ҒЗИ ( ЖЭЖТ ҒЗИ)