XXI ғасырдағы қазіргі заманғы қоғамға жаһандық үнқатулар: жаңа мүмкіндіктер, даму болашақтары, әрекеттер стратегиясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

XXI ғасырдағы қазіргі заманғы қоғамға жаһандық үнқатулар: жаңа мүмкіндіктер, даму болашақтары, әрекеттер стратегиясы»  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясыҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдығын мерекелеу шеңберлерінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте «XXI ғасырдағы қазіргі заманғы қоғамға жаһандық үнқатулар: жаңа мүмкіндіктер, даму болашақтары, әрекеттер стратегиясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Тұтастай алғанда конференцияға 135-тен астам баяндамалар, оның ішінде 24 шетелден және Қазақстандық ЖОО-лар мен ҒЗИ-лардан 16 баяндамалар келіп түсті. Олардың барлығы көлемі 542 бет (34 б.т) болатын конференция материалдарының жинағы түрінде басылып шықты.
Конференция барысында қатысушылар экономика, заңнама, білім беру, БАҚ салаларында, мәдениет, бизнес, спорт пен туризм салаларында, ғылыми қоғамдастық пен биліктің әртүрлі тармақтары және қоғам арасында идеялар қалыптастырудағы оң шетелдік және отандық тәжірибемен және перспективалық пайдаланымдармен алмасты. Конференцияға қатысушылардың құрамы мен олардың атқарған жұмыстары негізді ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.

«Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері»

«Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері»2016 жылдың 22 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында «Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері» тақырыбында студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
ҚҚЭУ бастамасы бойынша ұйымдастырылған ғылыми форум, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдығына орай іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаттарының аясында өткізілді.
Жалпы конференцияға 500-ден астам ғылыми мақала келіп түсті, оның ішінде 60-қа жуығы таяу шетел ЖОО-нан келіп түскен, барлық жұмыстар конференция материалдар жинағында басылып шықты.
Конференция қонақтары мен қатысушыларға алғы сөзбен ҚҚЭУ Ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор Улыбышев Дмитрий Николаевич сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста келесідей баяндамалар оқылды Баланеску Е. «Состояние и перспективы развития логистической отрасли в Республике Казахстан», Жорабек А.Н. «Шахта метанын газсыздандыру және пайдалану арқылы тұрғындарды электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету», Кәрімхан Әсем «Мемлекеттің әлеуметтік даму кезеңіндегі жастардың девианттық мінез-құлық көріністері», Оразбековой Айгерим «Attempts of Kazakstan to create the competitive society by means of trinity of languages» және басқа да студенттер.
Конференция жұмысы 21 секция аясында жалғасты.
Конференцияның жабылу салтанаты барысынд жұмыс нәтижелері қорытындыланып жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Жаңа экономикалық саясат – аймақтың тұрақты дамуының негізі»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді 2015 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әлімбаев Әбілда Әмірханұлының 80-жыл мерей тойына арналған «Жаңа экономикалық саясат – аймақтың тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз.

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ - 2015

1-ші АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Еуразия гуманитарлық институты 2015 ж. 14-15 сәуірінде
студенттер мен магистранттардың «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ - 2015» атты
17-ші ЖОО аралық ғылыми конференциясын өткізеді

Мынадай секциялар жұмысы ұсынылады
1. Педагогика және психология.
2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
3. Қазақ және орыс филологиясы.
4. Шетел филологиясы және аударма ісі.
5. Құқықтану.
6. Қазіргі экономиканың қаржылық аспектілері.

Діни радикализмнің алдын-алудың практикалық мәселелері

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 2014 жылдың 5 желтоқсанында «Діни радикализмнің алдын-алудың практикалық мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысуға шақырады.

Ғылыми-практикалық конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның мәдени даму аясы және исламдық құндылықтар жүйесі.
2. Діни сауаттылық - діни радикализмнің алдын-аудың басты факторы
3. Діни радикализм мен экстремизмге қарсы күрестегі әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдары

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚАЗТҰТЫНУДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі РГКП экономика Институты ғылым Комитеті

ҚР КҰП Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы

ФМБМ Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесінің экономика институты

ФМББМ ЖМБ «Оңтүстік – Орал мемлекеттік университеті» (Ұлттық зерттеу университеті)

«Еуразиялық бірлестік» әлеуметтік – экономикалық даму қоры

Ресей кооперативтік унисерситетінің Казань кооперативтік институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2014 жылдың 11 желтоқсанында Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті базасында ҚР КН МОН экономика институты (қ.Алматы), ҚР КҰП Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы, Экономика институты (РФ қ. Екатеринбург), Оңтүстік – Орал мемлекеттік университеті (Ұлттық зерттеу университеті) (РФ қ. Челябинск), «Еуразиялық бірлестік » әлеуметтік – экономикалық даму қоры (РФ қ. Челябинск), Ресей кооперативтік унисерситетінің Казань кооперативтік институттарының (РФ қ. Казань) қатысуымен, республикалық және аймақтық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен экономика және инновация аясында I сессия өткізіледі (ІІ сессия 2015 жылы Оңтүстік – Орал мемлекеттік университетінде (Ұлттық зерттеу университеті) (РФ қ. Челябинск) өткізілуі жоспарланған) Халықаралық ғылыми - тәжірбиелік конференция тақырыбы:

«(ЕАЭС) Еуразиялық экономикалық бірлестіктің индустриалды – инновациялық дамудағы мәселелері мен жетістіктері» .

Attachments:
Download this file (А_паратты_ хат.doc)А_паратты_ хат.doc[ ]481 kB