ҚҚЭУ СҒЗЖ

СҒЗЖ – ЖОО студенттерінің арасында таңдау арқылы құрылған, ғылыми теориялық және практикалық білімдері бар, әрқайсысы жоғарғы ойлау қабілетіне ие студенттер тобы болып табылады.
ҚҚЭУ-тегі студенттік ғылыми орта мүшелері болып творчестволық дарынды және ғылыми зерттеуге мүмкіндігі мол студенттер болып табылады.
2014-2015 ж.ж. СҒҚ мүшелер саны 672 студентті құрады.
Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінің ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылық білдіртетін студенттерді біріктіретін ерікті ұйым болып табылады.
Университеттегі СҒҚ-ның басты мақсаты болып квалификацияланған сапалы кадрлардың санын арттыруға әрекет ету,ғылыми потенциалды сақтау, білім алушы жастардың ғылыми жобаларын дамытуға жағдай жасау мен ғылыми білім беруді интенсификациялау арқылы студенттердің ғылыми зерттеу қабілеттерін арттыру.
Қазіргі уақытта университеттік қана емес университетаралық та көптеген ғылыми, ғылыми-дискуссиялық шаралардың инициаторлары дәл осы студенттер болып табылады. Олардың қатарында: ғылыми дөңгелек үстелдер, оқытушылардың қатысуымен семинарлар, ғылымның маңызды мәселерін талқылаудағы диспуттар өткізіледі.

ҚҚЭУ-те жұмыс атқаратын факультеттердің СҒҚ-тары
- Есеп-қаржы факультеті – СҒҚ «Парасат»;
- Экономика және басқару – СҒҚ «Зерде»;
- Бизнес және құқық – СҒҚ «Аманат».

ҚҚЭУ СҒЗЖ-ның 2015-2016 оқу жылына жоспары

«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БИЗНЕС- ИНКУБАТОР» ҒЫЛЫМИ КЕҢСЕСІ

ҚҚЭУ-де «Технологиялық бизнес-инкубатор» (ТБИ) атты университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен екіжақты жұмыс жасайтын, ұйым мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының іске асуына жауапты факультет декандарымен, кафедралармен, ЖОО-ның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірігіп жұмыс жасайтын ғылыми кеңсе ашылып, жұмыс атқаруда.
ТБИ-дің мақсаты – студенттердің білім, ұйымдастырушылық, техникалық құралдарын пайдалана отырып жастардың инновациялық жобаларын іске асыруда,біріктіруде, Жобалық, кәсіпкерлік және ғылыми-зерттеу қабілетті үйлестіруге мүмкіндік беретін компетенцияны үлгілеу болып табылады.


 

Attachments:
Download this file (__ЭУ 2015 Жоспар.doc)__ЭУ 2015 Жоспар.doc[ ]43 kB

ҚҚЭУ СҒЗЖ

ҚҚЭУ СҒЗЖ

ҚҚЭУ СҒЗЖ

ҚҚЭУ СҒЗЖ

ҚҚЭУ СҒЗЖ