Жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім беру


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары жоғары білікті зерттеушілерді дайындау бағдарламалары сияқты біздің университет жұмысының өзекті және басым бағыттарының ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазіргі замаңғы университет сияқты ҚЭУ, инновациондық ойларды жүзеге асыру үшін қажет магистратура мен PhD докторантура негіз болып табылатын жас ғалымдар мен әлеуетті зерттеушілердің ғылыми мүмкіндіктерінің дамуына үлесін қосады.

Ғылыми-зерттеушілік жұмыстың табысты жүзеге асырылуына университетте «Жаңа экономика және жүйелік сараптама» және «Экономикалық және заң зерттеулері» Ғылыми-зерттеу институттарының, «ҚЭУ- аймақтық даму» ғылыми консорциумының жұмыс атқаруы әсерін тигізуде.

Бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында, ғылыми тағылымдарды ұйымдастыру мен академиялық жинақтылықты көтеруді жүзеге асырудағы негізгі серіктес-жоғары оқу орындары болып Карантия қолданбалы ғылым университеті (Австрия, Филлах қ.), Солбридж Халықаралық Бизнес-мектебі (Корея Республикасы), Я.Кодолани атындағы қолданбалы ғылым университеті (Венгрия), Жоғары экономика мектебі – Мемлекеттік университеті, Ресей халықтар достығы университеті, «Мирбис» Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебі, М.Ломоносов атындщағы ММУ, Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті, Урал мемлекеттік заң академиясы және т.б. табылады.

Біздің бітірушілердің жоғары біліктілігі, жинақтылығы мен икемділігі еңбек нарығындағы нақты артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, өздерін қызметтердің әр түрлі салаларында: ғылыми-зерттеушілік, білім, қаржы-сараптамалық, тексеру-консалтингтік, жобалық және т.б. жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Біз білім экономикасы мен инновационды экономиканың дамуын құрастыру үшін интеллектуалды қызмет саласында қазіргі замаңғы білім мен дағдыларды игерген – мемлекеттің адам капиталын жасаймыз.

Өтініштер қабылдау 10 шілдеден 30 шілде аралығында, оқуға түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тмыз аралығында.

Оқуға түсер кездегі құжаттар тізімі:

Ұйымның жетекшісінің атына өтініш (орында толтырылады)

Жоғары оқу орынын бітіргені туралы құжат (түпнұсқа, көшірме)

TOEFL, IELTS, DSH, TestDaf-Prufung, TFI, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (түпнұсқа, көшірме) (болған жағдайда)

Мамандар есебі бойынша жеке іс-қағазы және еңбек қызметін дәлелдейтін құжат (еңбек кітапшалары бар тұлғалар үшін)

3x4 см үлгісіндегі 6 дана фотосурет

086-У үлгісіндегі медициналық анықтама

Жеке төлқұжаты мен паспорты (түпнұсқа, көшірме)

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (болған жағдайда)

Құжат тігілетін мұқаба

2 хат салғыш

Магистратураға түсетін талапкерлер шетел тілдері және мамандығы бойынша оқуға түсу емтихандарын тапсырады.

Магистратураға түсу бойынша сұрақтар болса, Сіз ҚЭУ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментіне жүгіне аласыз.(264 каб.)

тел. 44-15-88, 44-16-24, 44-16-34 (қос. 199)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

1.1

1.1

1.1

1.1