ҒЗЖ

«Ғылымды қажетсінетің экономиканы құру – бұл, ең алдымен, қазақстанның ғылым әлеуетін жоғарылату» (Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан 17.01.2014)

 

 

Білім және ғылым экономиканың басты факторы болып табылады. Жоғарғы білім жөніндегі әлемдік декларацияда көрсетілген, заманауи ғылыми-зерттеу мекемелерінсіз және сәйкес келмейтін жоғары білім, оқыған және білікті адамдарсыз, ешбір ел шынайы тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
Қазіргі таңда Қазақстан индустриалды-инновациялық даму жолында. Қазақстандық ғалымдардың ойынша, қазіргі кезен заманауи экономикалық талаптарға сәйкес ғылыми жүйені қайта бағдарламалаумен сипатталады.
ҚЭУ анықтаушы шегі – оның инновациялық қызметі, озық даму сипаты.
Университетте білім беру жүйесі сапасын жоғарылату үшін инновациялық әрекеттер жүзеге асырылуда. Ғылыми-инновациялық қызметті әр түрлі қаржыландыру көздері негізінде жүзеге асырылады. Көбінесе университетің меншікті қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаржысы қолданылады, сондай-ақ басқадп ғылыми зерттеу жұмысына тапсырыс берушілердің қаржысы. Осының арқасында сонғы жылдары университеттің ғылыми инновациялық жұмысын қаржыландыру 250 млн. теңгеден асып түсті, сондай-ақ 2 жоба ҚР БҒМ ғылым комитетінің гранты бойынша қаржыландырылуда, 20-ға жуық жоба ҚР БҒМ экономика институты есебі негізінде қаржыландырылуда, «Даму қоры» АҚ, Қарағанды облысы әкімшілігі және аймақ кәсіпорындарымен қаржыландырылуда.
Университеттің ПОҚ-ның жариялымдық белсенділігі, сонғы жылдары 100 ғылыми монография жарияланды, 200-ге жуық оқулық пен оқу құралы және 150-ге жуық ғылыми мақала импакт-фактор басылымдарында жоғары жетістікке ие болды.
Университеттің ғылыми инновациялық базалы элементі табысты жұмыс істейді, оған 2 ғылыми зерттеу институты кіреді (Жаңа экономика және жүйелік талдау ҒЗИ және Экономика құқықтық зерттеу ҒЗИ), 2 ғылыми офис (бизнес-технологиялық инкубатор және технологияны коммерциализациялау және трансферттеу офисы), негізгі мақсаттары университеттің ПОҚ және ең бастысы студенттерді, магистранттардың және доктаранттардың ғылыми инновациялық жобаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Университеттің ғылыми зерттеу қызметін дамыту аясында Қазақстан, Ресеий және таяу шетел, оның ішінде ҚР БҒМ Экономика институты (Алматы), Экономикалық зерттеу институтымен (Астана), РҒА ОБ Экономикалық институты (РФ Екатеринбург), Т.Шевченко атындағы КҰУ (Украина, Киев) және т.б. барлық бейінді ғылыми зерттеу ұйымдарымен тығыз қызмет істейді.