Университеттің миссиясы

ҚҚЭУ, экономикалық бейімдегі Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып санала отырып, Қазақстан экономикасы үшін мамандардың кәсіби өсуі мен жеке тұлғаны дамыту негізі ретінде білім беру және ғылыми саясатты жүзеге асырушы; әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекелестік айқындамаға жетуге ұмтылушы инновациялық университет ретінде өзін айқындайды.

Политика в области качества Сапа саласындағы саясат

  • Fon1
  • Fon2
  • Fon3
  • Fon4

Басшылар

  • Басшылар
    Ректор

    Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы

    «Еуразия» ХЭА академигі

    1970 жылы Қарағанды кооперативтік Орталық Кеңес институтын үздік бітірді. 1989 жылы Т.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінде «Саяси экономия» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын табысты қорғады. 1991 жылдан 1997 жылға дейін - Қарағанды кооперативтік Орталық Кеңес институтының оқу жұмысы бойынша проректоры. 1997 жылдан бастап Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры. Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП ҚОБ негізіндегі парақорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы, Қарағанды облысында мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР Агенттігінің Тәртіптік кеңесі мүшесі. В.И.Ленин туғанына 100 жыл мерейтойы қарсаңында «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды, «Еңбек айбыны үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «А.Байтурсынов» күміс медалімен (2006), Қазақстан Республикасының Парламенті 10 жылдығына арналған медалімен (2007), «10 жыл Астана» мерейтойлық медалімен (2007), «Парасат» орденімен (2009) марапатталды.

  • Басшылар
    Академиялық мәселелер және жаңа технологиялар жөніндегі проректор

    Бугубаева Роза Олжабаевна

    экономика ғылымдарының кандидаты,
    университет профессоры

    1972 жылы Қарағанды Орталық Кеңес кооперативтік институтын үздік бітірді. 1984 жылдан 1998 жылға дейін ҚОККИ саяси экономия кафедрасы меңгерушісі. 1984 жылы оған доцент ғылыми атағы берілді. 1998 жылдан 2000 жылға дейін экономикалық теория мен ХЭҚ кафедрасы профессоры болып жұмыс істеді. 2000 жылдың тамызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті оқу жұмысы жөніндегі проректор болып тағайындалды. 2004 жылдан бастап Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор болды

  • Басшылар
    Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректор

    Абилов Косман Жакупаевич

    тарих ғылымдарының докторы, профессор

    1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтады.
    2003 жылдан 2006 жылға дейін ҚР КҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты докторантурасында оқыды.
    Бір жылдан кейін тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
    2010 жылы «Тарих» мамандығы профессоры ғылыми атағы берілді.
    2007 жылдан бері Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің әлеуметтік сұрақтарына жетекшілік етеді.

  • Басшылар
    Әкімшілік-шаруашылық бөлім проректоры

    Какенов Кайрат Саттуович

    техникалық ғылымдар кандидаты,
    университет профессоры


    1978 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша аяқтады. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 1982 жылдан бері жұмыс істейді.
    2001 жылы техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алу мақсатында диссертациясын қорғады.
    2002 жылы оған ЖАК доценті атағы берілді.
    2004 жылы Ғылыми Кеңес шешімімен университет профессоры атағы берілді.

  • Басшылар
    Ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор

    Улыбышев Дмитрий Николаевич

    Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

    2000 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік дипломмен бітірді. 2002 жылы аталмыш университетте «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2002 жылдан бастап 2015 жылға дейін ол экономист, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі және ғылыми хатшы болып Аймақтық дамыту ҒЗИ жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап 2015 жылға дейін ол ҚҚЭУ сырттай аға оқытушы, кейін «Экономика және менеджмент» кафедрасы доценты болып жұмы істеді. Ақпан айында, ол «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының доценті қызметіне ауысты. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор міндетін атқарад. (2009 жылдан бастап) Экономика ғылымдарының кандидаты, (2010 жылдан бастап) доцент.

  • Басшылар
    Экономика және басқару факультеті деканы

    Гимранова Галия Ильясқызы

    экономика ғылымдарының кандидаты,
    университет профессоры

    1991 жылы Орал мемлекеттік университетін «Саяси экономия» мамандығы бойынша аяқтады.
    2004 жылдан бастап – экономика ғылымдарының кандидаты.
    2011 жылы доцент ғылыми атағы берілді.
    2004 жылдан бері – экономикалық теория және ХЭҚ кафедрасының доценті. Сол жылы ЖОО-нан кейін және қосымша білім алу департаменті директоры болды.

  • Басшылар
    Бизнес және құқық факультеті деканы

    Момышева Фархия Саутбекқызы

    заң ғылымдарының кандидаты,
    университет профессоры


    1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика университетін аяқтады, мамандығы – тарих, қоғамтану және кеңес құқығы оқытушысы.
    2006 жылы – заң ғылымдарының кандидаты. 2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ие болды.
    2013 жылы университет профессоры академиялық атағы берілді.

  • Басшылар
    Есеп және қаржы факультеті деканы

    Накипова Гульмира Ермекқызы

    экономика ғылымдарының докторы,
    университет профессоры

    1987 жылы Қарағанды кооперативтік институтын бітірді..
    1999 жылдан бастап – экономика ғылымдарының кандидаты.
    2009 жылдан бастап экономика ғылымдарының докторы.
    2011 жылы «Экономика» мамандығы профессоры ғылыми атағы берілді.
    2002 жылдан бастап – есеп және қаржы факультеті деканы.
    2009 жылы – «Меркетинг және туризм» кафедрасы профессоры.

  • Басшылар
    Ақпараттық-техникалық факультеті деканы

    Улаков Сайран Нұрсұлтанұлы

    экономика ғылымдарының кандидаты,
    университет профессоры

    1971 жылы Қарағанды Орталық Кеңес кооперативтік институтын «Сауда экономикасы» мамандығы бойынша аяқтады. Оған кейін үш жыл Львов сауда-экономикалық институтында (Украина) оқыды.
    1980 жылдан бастап – экономика ғылымдарының кандидаты.
    1989 жылдан бастап – сауда экономикасы кафедрасы деканы.
    2006 жылдан бастап – сырттай және қашықтан оқу қаржы-экономикалық факультеті деканы.
    2014 жылдан бастап – ақпараттық-техникалық факультет деканы.