Маркетинг бойынша II Халықаралық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Маркетинг бойынша II Халықаралық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2021 жылдың 15-16 сәуір аралығында "Маркетинг" кафедрасында және Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің цифрлық экономиканы зерттеу институтының базасында "Маркетинг"мамандығы бойынша II Халықаралық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан мен ТМД елдерінен 25 команда (71 қатысушы) қатысты. Барлық жұмыстар жоғары деңгейде орындалды, сондықтан қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау өте қиын болды. Қорытынды нәтижеге сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің командасы жүлделі 2 орынға ие болды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің (Қазақстан Республикасы) "Voice of the marketing" студенттер командасы құрамында: Умутчакова К.А., Сирук Н. С., Кудабаева М. Б. ғылыми жетекшісі Борбасова з. Н. – э. ғ. д., профессор.
Белсенді қатысқаны үшін баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға табыс тілейміз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL