Назар аударыңыз

Назар аударыңыз

Қалың қардың түсуі нәтижесінде үйлердің, ғимараттардың төбелерінде қар жиналып, мұз сүңгілері пайда болады. Олар төбеден құлап, адамдардың жарақаттануына жарақатқа алуына әкеліп соғуы ықтимал. Осыған байланысты, төбе ернеулерін қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, уақытылы және түбегейлі шаралар қолдану қажет. Мұндай жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болмаса, жаяу жүргіншілер жағындағы қауіпті учаскелерді жіппен қоршап, ескерту белгілерін қою қажет. Университетын азаматтық қорғаныс штабы сүңгілердің құлауы салдарынан жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында студенттері мен қызметкерлеріне мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады: - Ескерту белгілері қойылған жерлерді айналып өтіңіз;
- Жоғарыдан шу естісеңіз, адымдап тез жүруге тырысыңыз;
- Көшеде құлаққап киіп жүрмеңіз, сіз төбеден құлап келе жатқан қардың
дыбысын естімей қаласыз;
- Төбенің құламасы бар үйлерге жақындамаңыз;
- Электр беретін құрылғылардың желілерінен, ғимараттардың және басқа да нысандардың төбе ернеулерінен қардың құлауы мүмкін жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Төбеден құлайтын қардан және мұз сүңгілерінен сақ болыңыз!
Ата-аналар өз балаларына үйлер мен ғимараттардың маңында жүру ережесін сақтауды үйрету қажет. Қауіпті шатырдың астында ойнау қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін.

«Достық» коворкинг орталығы» ТБИ Оқиғалар күнтізбесі

«Достық» коворкинг орталығы» ТБИ Оқиғалар күнтізбесі

«Достық» коворкинг орталығы» ТБИ Оқиғалар күнтізбесі

Ғылыми-зерттеу, жобалау және кәсіпкерлік қызметті үйлестіруге мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыруға, жастардың инновациялық жобаларын құруға және инкубациалауға білім беру және ұйымдастырушылық қызмет көрсету арқылы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне жүйелі түрде тарту мақсатында,  2022-2023 оқу жылының 2 семестрінде студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша «Достық» коворкинг орталығы» ТБИ  іс-шараларының Оқиғалар күнтізбесі жасалды. Іс-шаралар өткізудің дәл күнін біз университет факультеттерінің СҒЗЖ-на жауапты адамдарына хабарлайтын боламыз.

Хабарландыру

Бизнес, құқық және технология факультеті В068 - Тамақ өнімдерін өндіру жоғары білім беру бағдарламалары тобына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын тағайындауға конкурс жариялайды, университетке қабылдау жылы - 2020 жыл, оқыту тілі – қазақ және тілінде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын алуға үміткер студенттер келесі құжаттарды 2022 жылдың 12.30 дейін деканатқа тапсыруы керек:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (28.12.2022дейін)
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) транскрипт
4) сипаттамалық
5) деканның ұсыным хаты

БҚжәнеТ деканаты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Достық» Коворкинг орталығы» технологиялық бизнес инкубаторы студенттер мен колледж оқушыларын 2022 жылғы 14 желтоқсанда Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық жобалармен (бағдарламалық өнімдер, мобильді қосымшалар және т. б.) «Demo Day II» - ге қатысуға шақырады. Сіздердің өтінімдеріңізді 2022 жылғы 12 желтоқсанға дейін (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына) күтеміз. Өтінім нысаны қоса беріледі.


Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Достық» Коворкинг орталығы» технологиялық бизнес инкубаторы студенттер мен колледж оқушыларын 2022 жылғы 14 желтоқсанда Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық жобалармен (бағдарламалық өнімдер, мобильді қосымшалар және т. б.) «Demo Day II» - ге қатысуға шақырады.

Demo Day-де IT-жобамен бір адам немесе команда құрамында (4 адамға дейін) қатысуға болады.

Сіздердің өтінімдеріңізді 2022 жылғы 12 желтоқсанға дейін (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына) күтеміз. Өтінім нысаны қоса беріледі.

Презентацияларды ресімдеуге қойылатын талаптар (PowerPoint):

  1. Жоба идеясының жаңалығы мен тривиалдылықсыз, тапсырманың анықтығы.
  2. Толықтығы, ақпараттың қажетті дәрежесі, бастапқы деректердің жеткіліктілігі.
  3. Бөлімдерді пысықтау тереңдігі: бизнес-идеяның жаңалығы; нарықтық идеяның болуы; маркетингтік пысықтау сапасы; қаржылық-экономикалық есептеулердің сапасы.
  4. Деректерді берудің көрнекілігі, сапасы және жеткіліктілігі (есептік кестелер, графиктер, диаграммалар).
  5. Тәуекелдерді бағалаудың негізділігі, жобаның қаржылық тұрақтылығы, қолданылған әдістер мен тәсілдерді сипаттаудың толықтығы.
  6. Бизнес-жоспарды дайындау үшін бағдарламалық өнімдерді пайдалану деңгейі (Excel, бизнесті жоспарлауға арналған арнайы бағдарламалар).

«Demo Day II» жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Іс-шара бағдарламасы:

14: 00 - 14.45 Қонақтарды тіркеу

15.00-16.30 Жобаларды қорғау

16.30-16.45 Қорытындылау, марапаттау, конкурстың жабылуы.

Жобалардың презентациясы 116 кабинетте өтеді. (Университет кітапханасы).

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8-721-2-44-16-34 (ішкі 65-64), 8-701-512-67-32

Қосымша 1

Demo Day қатысу үшін

Өтінім

1.                       

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толық)

 

2.                       

Жетекшінің аты-жөні. Лауазымы

 

3.                       

Факультеті

 

4.                       

Академиялық топ

 

5.                       

Байланыс телефондары,

е-mail

 

6.                       

Инновациялық жобаның атауы

 

 

Э.ғ.д., профессор Зоя Александровна Капелюктің дәрістері

Э.ғ.д., профессор Зоя Александровна Капелюктің дәрістері

 

2022 жылғы 21 қараша мен 2 желтоқсан аралығында университеттің студенттері мен ПОҚ үшін "Бизнес-талдау әдіснамасы" атты дәрістер курсын Сібір тұтыну кооперациясы университетінің теориялық және қолданбалы экономика кафедрасының э.ғ. д., профессор КАПЕЛЮК ЗОЯ АЛЕКСАНДРОВНА оқиды (Новосибирск қ., Ресей).
Зоя Александровна Ресейде ғана емес, шетелде де танымал 200-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы. Зоя Александровна жазған еңбек экономикасы бойынша оқулығы 2016 жылы Париж халықаралық кітап салонының алтын медалін алды. Оның жетекшілігімен экономика ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 18 диссертация қорғалды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus