Университетте «Әлеуметтік жұмыс» ББ бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

Университетте «Әлеуметтік жұмыс» ББ бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

2024 жылғы 25 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында 6В11404 «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Студенттік пәндік олимпиаданың ұйымдастырушысы психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы болды. Олимпиадаға Қазақстанның 8 жоғары оқу орнынан қатысыушылар келді, атап айтқанда: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Нархоз университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Орталық Қазақстан академиясы.
Олимпиаданың мақсаты - студенттердің таланттары мен қабілеттерін анықтау, болашақ әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби батылдығы мен шығармашылығын дамыту, әлеуметтік салада инновацияларды іздеу және енгізу.
Олимпиада регламентіне сәйкес командалар өзін-өзі таныстыру, әлеуметтік жарнама мен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және қорғау, әлеуметтік жұмысқа байланысты кейстерді шешу арқылы жарысты.
Қазылар алқасы Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Киселева Ирина Болеславовнаның төрағалығымен қатысушыларды олардың шығармашылығын, жаңашылдығын, ақпараттық технологияларды пайдалануын, эрудициясын, тапқырлығын, білім деңгейін, тез шешім қабылдау дағдыларын ескере отырып бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша:
І орынды Нархоз Университетінің «НАРХОЗ» командасы иеленді,
ІІ орын - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Сердце общества» командасы,
ІІІ орын – Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «БІРЛІК» командасы.
Барлық топ жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Университетте «Әлеуметтік жұмыс» ББ бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті Университетте «Әлеуметтік жұмыс» ББ бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
Университетте «Әлеуметтік жұмыс» ББ бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті Университетте «Әлеуметтік жұмыс» ББ бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus