Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні

Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні

2023 жылдың 22 желтоқсанында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстанда Erasmus+ бағдарламасының Ақпарат күні өтті.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының басын қосқан іс-шара елімізде жоғары білімді дамытудың озық және тиімді бастамаларын енгізуде отандық университеттердің әлеуетін нығайтуға арналған Erasmus+ жобалары аясында тәжірибе алмасу және өзара әрекеттестік орнату алаңына айналды.

Шараға университетіміздің өкілдері ретінде халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі проректор Абдикаримова А.Т. және 101127488 «Тұрақты даму үшін заманауи экологиялық технологиялар: ЕО және Қазақстан тәжірибесі» (METOD) Erasmus+ Jean Monnet Module үйлестірушісі Байкенова Г.Г.

Күн бағдарламасы үш параллельді сессияны қамтыды, оның барысында жоба үйлестірушілері/әріптестері Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру жобалары, Jean Monnet бағдарламалары, халықаралық несиелік ұтқырлық және Erasmus Mundus Joint Master’s бойынша презентациялар жасады. Сондай-ақ жоғары білім реформасы бойынша Ұлттық сарапшылар тобының семинары өтті.

 

 

Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні
Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus