Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Конференция

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Конференция

2023 жылғы 15 желтоқсанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Инновациялық даму және орнықты даму мақсаттарын іске асыру жағдайындағы ғылым мен білімнің интеграциясы" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Конференция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Конференция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Конференция

Конференцияның негізгі бағыттары:

− Мемлекеттік және жергілікті басқару;

− Заманауи менеджменттегі инновациялық тәсілдер;

− Қаржы;

− Экономиканың нақты секторы мен қызмет көрсету саласының экономикасы;

− Бухгалтерлік есеп, басқарушылық есеп және аудит;

− Құқықтану;

− Заманауи ақпараттық технологиялар;

− Маркетинг және логистика;

− Әлемдік экономика және Халықаралық экономикалық қатынастар;

− Тауартану және сертификаттау;

− Қазіргі қоғамның экологиялық мәселелері.

− Тұрақты даму саласындағы заманауи зерттеулер

Конференцияның ON LINE режиміне:

– РФ жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, И. Кант атындағы Балтық федералды университетінің "Ситуалогия және экономикалық-құқықтық регионалистика" ҒБО директоры (Калининград қ., Ресей), з. ғ. д., профессор Татьяна Станиславовна Волчецкая;

− ҚР ҰҒА құрметті академигі, з.ғ. д., профессор Нұрғалиев Бақыт Молдатьяұлы;

− Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің профессор-оқытушылар құрамы және Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері қатысты.

Конференция пікірталас режимінде өтті. Ұйымдастырушылар университеттің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері болды.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағын шығару жоспарлануда

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus