Көптілді білім беру орталығының негізінде «Conversation Hub» ағылшын тілінде сөйлеу клубының ашылуы

Көптілді білім беру орталығының негізінде «Conversation Hub» ағылшын тілінде сөйлеу клубының ашылуы

2023 жылдың 8 желтоқсанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Conversation Hub» сөйлесу клубының техникалық ашылуы өтті! “Conversation Hub” – бұл ағылшын тілін белсенді түрде үйреніп жатқан және тәжірибе жасағысы келетіндерге арналған ағылшын тілінде сөйлесу клубы.
Ағылшын тілінде сөйлесу клубы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің барлық мүдделі білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлері үшін есік ашты. Бұл техникалық ашылу тілді меңгеру деңгейі әртүрлі адамдарды байланыстыратын өзіндік көпір болды. “Conversation Hub” әртүрлі кездесу форматтарын ұсынады: бейресми пікірталастардан бастап университеттің VR-зертханасында арнайы сабақтарға дейін. Сондай-ақ клуб қатысушыларға тек сөйлеуде ғана емес, ағылшын тілінде тыңдау және оқу дағдыларын дамытуға көмектесетін ресурстар ұсына алады.
Орталық қызметкерлері Жангабулова Ж.М. және Шахшина А.К. “Кіріспе сабақ: Сәлемдесу. Есімдер” тақырытар бойынша клуб мүшелерімен (Pre-Intermediate деңгейінен Advanced деңгейіне дейін) алғашқы кездесуін өткізді. Бұл клуб мүшелері үшін білім, идеялар мен тәжірибе алмасудың керемет мүмкіндігі болып саналады.
Кездесулер 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың мамырына дейін, айына екі рет жұмасында болады.
Қосымша ақпаратты КБО-ның Instagram желісіндегі аккаунты (@multilingual_kazpotrebsoyuz) арқылы немесе Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Көптілді білім беру орталығына (281 кабинет) жеке хабарласу арқылы алуға болады.

Көптілді білім беру орталығының негізінде «Conversation Hub» ағылшын тілінде сөйлеу клубының ашылуы Көптілді білім беру орталығының негізінде «Conversation Hub» ағылшын тілінде сөйлеу клубының ашылуы Көптілді білім беру орталығының негізінде «Conversation Hub» ағылшын тілінде сөйлеу клубының ашылуы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus