СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы
Бизнес, құқық және технология факультеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2020 жылдың 27 наурызында Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушыларына арналған «Сындарлы диалог-әлеуметтік мемлекеттің негізі» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:
1. Жастардың дүниетанымының қалыптасуындағы руханилық пен шығармашылық
2. Азаматтық қоғамды, мемлекет пен экономиканы жаңғыртудың конституциялық-құқықтық негіздері
3. Қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қозғалыстардың қызметін құқықтық реттеу: халықаралық тәжірибе және Қазақстан Республикасындағы даму болашағы
4. Жастар: экология және өнім қауіпсіздігінің заманауи мәселелері
5. Туризм және қонақжайлылық индустриясы әлеуметтік белсенділіктің түрі ретінде
6. Жастар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың өзекті мәселелері

Конференци бағдарламасы
9.30 -10.00 Қатысушыларды тіркеу
10.00-11.00 Пленарлы отырыс
11.00-13.00 Секциялардағы жұмыс
13.00-13.30 Түскі үзіліс
13.30-14.00 Конференцияның жабылуы. Сертификаттар табыстау.

Қатысу шарттары:
Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 15 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды адресіне жіберу керек:
1) Конференцияға қатысу туралы өтінішті (Қосымша 1);
2) Қойылған талаптарға сай рәсімделген мақаланы (көлемі 3 беттен аспайтын) (Қосымша 2).
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша, болгарша.
Қабылданған баяндамалардың материалдары конференцияның ашылуына жарияланатын болады. Конференция құжаттарының топтамасына халықаралық индекс ISBN, ББК және УДК таңылады. Мақалалар ақысыз басылымға шығады.

Баяндамаларды безендіруге қойылатын талаптар:
Баяндамалар WORD мәтiндiк редакторда терілген бір файл түрінде ұсынылады. Бет форматы: А4. Бет жиектері: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2,5 см. Шрифт: Times New Roman (Times New Roman KZ), 12 кегль. Жоларалық интервал: 1. Абзацтық шегерім: 1см. Мәтінді түзету: екі жиегі бойынша Қолданылған әдебиеттері тізімі мақала соңында орналасады.
Суреттер: мәтінде сурет ортасында орналасады, сурет алдына бір бос жол жіберіледі. Суреттен кейін – сурет атауы.
Кесте: «кесте» сөзі және оның реттік саны абзацтық шегерімсіз беттің сол жағынан теңестіріледі; келесі жолда, ортасына қарай кесте атауы орын алады – белгіленуі қанық әріппен. Кестеден соң – бір бос жол.
Мәтін өзертілмейді және түпнұсқа болып табылады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру тәсілімен жинақталады. Сондықтан, құжаттарды жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып мұқият тексеріп өткізу қажет.
Ұйымдастыру комитеті мазмұны және безендірілуі конференция талаптарына сәйкес келмейтін баяндамаларды кері қайтару құқығына ие болады.
Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылар есебінен жүзеге асырылады.
Байланыс телефоны:
87784590358 – Мағдатова Қымбат Жанатовна

Құрметпен конференцияның ұйымдастыру комитеті

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus