• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Жатақхана


Студенттерге қызмет көрсету орталығы Өтініш беру

Жатақхана туралы ақпарат

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде  құрамында 4 жатақхана, стадион, теннис корты, баскетбол және волейбол алаңдары, жаттығу залы, медициналық орталық, студенттік кафе, шағын кір жуу орындары, ақпараттық-білім беру орталығы, адалдық дүкені бар студенттік кампустың негізі қаланған. Университет пен студенттік кампустың жатақханаларында  сымсыз желі Wi-FI  жұмыс істейді.

Жалпы ауданы 11 000 шаршы метрден асатын, барлық заманауи талаптарға сай келетін 4 жатақханада 700-ден астам студент тұрады. Сізді әр жатақханада жылы атмосфера мен үйдегідей жайлылық күтеді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жатақханалары жайлылығымен, қауіпсіздігімен және өмір сүру үшін барлық жағдаймен қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді. Студенттер екі және төрт орындық бөлмелерде тұрады. Жатақханаларда өмір сүру, оқу және демалу үшін барлық жағдай жасалған. Сабаққа дайындалу мен бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Жатақханада сабаққа дайындалу үшін оқу залдары жабдықталған, компьютерлік сыныптар құрылған.

Студенттік жатақханалар бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бейнежазба әр қабатта жасалады және күзетпен бақыланады. Жатақханаға кірер кезде тұрғындар электрондық рұқсаттамалар арқылы өтеді.

Университет барлық мұқтаж жандарды жатақханадан орынмен қамтамасыз етуге тырысады. Студенттік жатақханалар келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан:

№1 жатақхана – Академическая көшесі, 5

№2 жатақхана – Академическая көшесі, 7

№3 жатақхана – Академическая көшесі, 5/1

№ 4 жатақхана – Комиссаров к-сі, 32

Университет жатақханасына орналасу үшін құжаттар

25 тамыздан бастап қабылданады

Жатақханаға жолдама алу үшін студентке (талапкерге):

  1. Студенттерге қызмет көрсету орталығы арқылы онлайн өтініш беру https://sc.youngstudent.co/
  2. Өтініш “Мақұлданғаннан” кейін тұрғын үй жалдау шартын жасау мақсатында Жастар бастамасы орталығана (127 кабинетке) келу керек.

Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болу керек:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • вакцинация паспортының көшірмесі;
  • фото 3*4 – 2 дана;
  • қоныстануға басым құқықты растайтын құжаттар;
  • скоросшиватель -1 дана.;
  • файл – 1 дана.
  1. Жатақханада тұрғаны үшін төлем жасау;
  2. Медициналық пунктте медициналық тексеруден өту және анықтама алу (университетте 205 кабинетте жүргізіледі);
  3. Жастар бастамалары орталығына төлем түбіртегінің көшірмесін және медпункт анықтамасын ұсыну;
  4. Жатақханаға орналасуға жолдама алу;
  5. Осы бағытта көрсетілген жатақханаға бару.

Байланыс телефоны:

+7 701 213 09 79 (WhatsApp),

8(7212) 44-16-24 (доб.169)

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жатақханасына орналасуға басқа қалалардан келген студенттер басым құқыққа ие:

1) мүгедектер қатарындағы кемтар адамдар, бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, екі немесе бір ата-анасының мүгедектігі (1 және 2-топ) болған кезде (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі не балалар үйінен анықтама, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі);

2)кәмелетке толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға келіп түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралман мәртебесі бар адамдар (қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтаманың көшірмесі, оралман куәлігінің көшірмесі);

3) бірінші курсқа қабылданған, "Алтын белгі" белгісі бар білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және конкурс жеңімпазының сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген талапкерлер білімі туралы растайтын құжатпен (куәліктің, аттестаттың, дипломның көшірмесі);

4)ҚР БҒМ Білім беру грантының иегерлеріне (білім беру грантын тағайындау туралы куәліктің көшірмесі);

5)егер отбасында 18 жасқа дейінгі 3-тен астам бала болса және анасының "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" белгісі болса, көпбалалы отбасынан шыққан (отбасында 4 және одан да көп бала бар екендігі туралы анықтаманың көшірмесі);

6) Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне халықаралық келісімдер (келісімшарттар) бойынша оқуға қабылданған шетелдік азаматтар жатақханаға жалпы негізде орналастырылады;

7) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс студенттері қатарында оқитындар (транскрипт көшірмесі, грамоталардың, дипломдардың көшірмелері).

Жатақхана

 

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

 Жатақхана

 Жатақхана

Жатақхана

 

 

 


Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus