6В04101 Экономика

«Экономика» білім беру бағдарламасы Қарағанды өңірі мен Республикаға көптеген білікті мамандарды оқытып шығарған, серпінді дамып және жаңартылып келе жатқан бағдарламаның бірі, Қарағанды экономикалық университетінің дәстүрлі бағдарламасы болып табылады.

«Экономика» білім беру бағдарламасының мақсаты болып экономиканың қаржылық, нақты, мемлекеттік секторындағы компаниялар үшін, бизнесті басқару қызметіне машықтанған жоғары білікті экономист-талдаушыларды даярлау болып табылады.

«Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды тамамдағаннан соң Сіздер:

  • кәсіпорын құруға және онда өндірістік процестерді ұйымдастыруға;
  • еңбек процестерін және жұмыс орындарын жобалау дағдылары, сыйақы мен еңбек жағдайларын ынталандырудың заманауи түрлерін дамытуға;
  • фирманы басқарудың тиімді ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымын талдауға;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға және мемлекеттік сатып алулар мен тендерлерге қатысуға;
  • кәсіпорынның өндірістік және экономикалық потенциалын диагностикалауға;
  • кәсіпорынның бюджеттерін жасауға және талдауға;
  • тәуекелдерді басқаруға;
  • бизнес-операцияларды талдауға мүмкіндік аласыздар.

«Экономика» білім беру бағдарламасының түлегі ұйымның барлық күшті және әлсіз жақтарын білетін және шешімді қабылдауда басымдылықты дұрыс таңдай алатын және қаржылық проблемаларды, шығындарды жою мақсатын емдей алатын экономист – «Экономикалық доктор» болып табылады.

Білім беру бағдарламасын толық игергеннен кейін түлектер университетте ары қарай магистратураны жалғастыруға, әртүрлі меншік формасындағы фирмаларда, компанияларда және мемлекеттік органдарда жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus