Қабылдау ережелері


Шетел азаматтарын қабылдау ережелері

Ақылы негізде шетел азаматтарын жоғары оқу орындарына  қабылдау үшін, күнтізбелік жыл ішінде қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Академиялық күнтізбеге сәйкес шетел азаматтарын жоғары оқу орындарына қабылдау келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Құжаттар тізімі:

1) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа) - нотариалды куәландырылған көшірме және аударма;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі - нотариалды куәландырылған аударма

3) 3 х 4 өлшемдегі 6 фотосурет

4) 086-у нысанындағы медициналық анықтама

 Шет тілдік оқу ұйымымен берілген білім туралы құжаттар 1 (бірінші) академиялық кезеңдегі оқуға қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген нострификация рәсімінен өтеді.


 ТАЛАПКЕР КҮНТІЗБЕСІ

Шаралар атауы

Мерзімі

 

Өтініштерді қабылдау мерзімі

Өткізілу уақыты

1

ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау

01.04.2019-10.05. 2019

20.06.2019-05.07. 2019

2

Шығармашылық емтихандар

20.06. 2019-07.07. 2019

08.07. 2019-13.07. 2019

3

Педагогикалық мамандықтар үшін арнаулы емтихандар

20.06. 2019-13.07. 2019 – грантқа қатысуы үшін

Педагогикалық мамандықтар үшін арнаулы емтихандар

20.06-14.08 – ақылы

4

Білім беру грантын беру конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау  

13.07. 2019-20.07. 2019

01.08. 2019-не дейін

5

ҰБТ:

1) ақылы бөлімге түсетін мектеп және колледж түлектері үшін;

2) шетел мектептерінің түлектері үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, оқу орындарын шетелде бітірген ұлты қазақ тұлғалар үшін.

25.07. 2019-03.08. 2019

17.08. 2019-20.08. 2019

6

Студенттер қатарына тіркеу

10.08. 2019-25.08. 2019


 Құрметті талапкер!

2019 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады.

Білім беру бағдарламаларының тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан тұрады. Жалпы білім беру бағдарламаларының  97 тобы бар.

ҰБТ-да бейіндік пәндердің келесі комбинациялары анықталған:

Математика

Физика

Математика

География

Биология

Химия

Биология

География

Шет тілі

Дүниежүзі тарихы

География

Шет тілі

Дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

Дүниежүзі тарихы

География

Қазақ тілі/ Орыс тілі

Қазақ әдебиеті/ Орыс әдебиеті

Химия

Физика

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

Сізге бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда төртке дейін білім беру бағдарламаларының тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер комбинациясымен Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсында:

1) «Химия мұғалімдерін даярлау»;

2) «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»;

3) «Ветеринария»;

4) «Жалпы медицина» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.

Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://testcenter.kz).

Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.

Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, Сіз білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.

Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде Сіз «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай аласыз.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus