TRUNAK

«Қазақстанда университеттік автономияға көшу»

TRUNAK

Жобаның үйлестірушісі:
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Еуропалық серіктестер: Еуропа университеттер Қауымдастығы, Лунд университеті(se), Люблян университеті(si), Люблян технологиялық университеті(pl), Савония қолданбалы ғылымдар университеті(fi), Ага-хан университеті – мұсылман өркениетін оқытатын институт(uk), Universita Cattolika del Sacro Cuore(it)
Қазақстандық серіктестер: Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі (kz),Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі(kz), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті(kz), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті(kz), Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті(kz), Астана медицина университеті(kz) және Қарағанды мемлекеттік медицина университеті(kz), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті(kz)
Жүзеге асыру кезеңі: 2017-2020 жылдар
Жобаның мақсаты:
Бюджеттік және академиялық өзін-өзі басқарудың қандай деңгейі қажет екендігі туралы шешім қабылдай алатын, қазақстандық университеттердің өзін-өзі басқару модельдері төңірегіндегі консенсус үшін негіздерді қамтамасыз ету. Жоба еуропа елдерінде қолданылатын, ЖОО-лар автономиясы модельдерінің алуандығы туралы білімді арттырады.Өзін-өзі басқару саласындағы қажеттіліктерді анықтау мақсатында, қазақстандық университеттерге сұрау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жобаның аралық мақсаттары:
1. Университеттер автономиясының базалық модельдерін(жоғары білім беретін ерекше салалар, мысалы, медицина үшін баламалы модельдерді қоса алғанда) әзірлеу.
2.Серіктес-Университеттерде жүзеге асыру.
3.ЖОО-лармен және ұсынылған реформаларға қатысушылармен қарым-қатынас жасау үшін ақпараттық стратегия әзірлеу, реформаларды енгізудің кесте жобасын жасау.
4.Бір оқу орнында болатын және басқа қазақстандық ЖОО-ларға көмек көрсететін, өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру бойынша Консультативтік топтар құру.
Тиімділігі мен нәтижелігі:
- Серіктестік келісімге қол қойылды(2017 жыл)
- Мемлекеттік медицина университетінің базасында Қарағанды қаласында kick-off meeting өткізілді(қараша 2017 жыл)
- Жұмыс тобы құрылды, негізгі тұлғалардың міндеттері (функциялары) анықталды(желтоқсан 2017 жыл)
- Сапа жөніндегі бірінші жоспар табыс етілді(қаңтар 2018 жыл);
Бізге файсбукте: trunak-project.kz арқылы қосылуға болады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Мы в контакте
Темпус