• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасы

 «Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасы

 

Студенттерді әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметі үшін ынталандыру мақсатында мынадай көтермелеу түрлері белгіленеді:
1) 20 000 теңгеге әлеуметтік студенттік кредит;
2) 50 000 теңгеге әлеуметтік студенттік кредит.
Әлеуметтік студенттік кредиттер (бұдан әрі-кредиттер) студенттердің әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметі көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі болып табылады.
Кредит әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге келесі бағыттар бойынша беріледі:
1) инклюзивті білім беру;
2) репетиторлық (тілдер, компьютерлік сауаттылық), онлайн формат;
3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру;
5) балалармен, қарттармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс;
6) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы жұмыс;
7) пациенттерге, қарт адамдарға және мүгедектерге қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке Денсаулық сақтау ұйымдарының және басқа да әлеуметтік бағыттағы ұйымдардың жұмысына қатысу;
8) волонтерлермен республикалық және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде жергілікті жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысу;
9) туризмді дамыту мақсатында экскурсиялық қызметті (музейлерге, кітапханаларға және қаланың басқа да көрікті жерлеріне бару) ұйымдастыру кезінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға жұмысқа көмек;
10) халықаралық іс-шараларды (форумдар, универсиадалар, фестивальдар, спартакиадалар) ұйымдастыруға көмек);
11) жануарларға арналған баспанадағы жұмыс.
20 000 теңгеге ваучер қызметтің 20 сағаты үшін беріледі. Бұл ретте студенттер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындаған екі академиялық кредитті есепке алуға құқылы.
50 000 теңгеге ваучер 50 сағат қызмет үшін беріледі. Бұл ретте студенттер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындаған бес академиялық кредитті есепке алуға құқылы.
Ваучердің қаржы жылындағы қызмет сағаттары мен академиялық кредиттерінің ең көп саны тиісінше 70 сағаттан және жеті академиялық кредиттен аспайды.

Толық ақпаратты ҚЭУ Жастар бастамалары орталығынан алуға болады (каб 208), байланыс телефоны:+7 701 213 0979
https://student.qazvolunteer.kz

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus