Ақпараттық хабар

1

2016 жылғы 17-18 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Қарағанды облысының білім беру басқармасымен бірге «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» зерттеушілік және жобалық жұмыстарының байқау-конференциясын өткізеді. Оған қатысуға жас ғалымдар, магистранттар, ЖОО-ның студенттері, орта және орта-арнаулы оқу орындарының білімгерлері шақырылады.
Жобаларды келесі бағыттар бойынша ұсынуға болады:

• Өндірістің физикалық-техникалық үдерістері;
• Нанотехнологиялар;
• Қуат көздері;
• Биотехнологиялар;
• Жасыл технологиялар;
• Инфрақұрылымды дамыту;
• Заманалық экотехнологияларды құқықтық реттеу;
• Педагогикалық жаңашылдықтар;
• және «ЭКСПО-2017» басқа бағыттары бойынша.

Нақты және анимациялық (бағдарламалық) үлгілердің болуы жобалардың рейтингін көтереді.
Материалдар 2016 жылғы 5-қарашаға дейін қабылданады және іріктеу комиссиясының қарауынан өтеді.
Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа және байқау-конференцияның талаптарына сай келмейтін жұмыстарды қабылдамауға құқылы.

e-mail - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел. - +7 7212 441634 (вн.6564)

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus