Хабарландыру

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Бизнес және құқық факультеті Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты студенттердің шығармашылық жұмыстарының Конкурсына шақырады.

Тілдер күніне арналған іс-шара

Тілдер күніне арналған іс-шара
Шетел және орыс тілдері кафедрасы 2018 жылдың қыркүейк айының 24 жұлдызында сағат 15:00-да Қазақстан халқының тілдер күніне орай ғылыми-білім орталығында зияткерлік іс-шара ұйымдастырғалы өткелі отыр.

1 орынды

Қазақстаннның гуманитарлы-экономикалық ЖОО ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша Қарағанды экономикалық университеті 1 орынды иеленуде.

CUT курсына қабылдау

CUT курсына қабылдауCUT курсына қабылдау
“CACTLE ҚҚЭУ” орталығы Erasmus+ жобасы аясында “ Certified University Teacher ” (“Сертификатталған университеттік оқытушы”) курсына кезекті қабылдау жүргізуде. Курстың жалпы көлемі 90 сағат және Вена экономика және бизнес университетінің (Вена қ., Австрия) халықаралық үлгідегі сертификаты беріледі.
“Certified University Teacher” - “Сертификатталған университеттік оқытушы” тренингтік бағдарламасы оқыту және дидактика саласында құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл курс экономика және бизнес саласында университеттік оқытушылардың құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Өту мерзімі: 4.06.2018-806.2018ж.
Курсқа тіркелу үшін сілтеме: https://goo.gl/forms/RegjmG6OK19fZL9x1
Мекен-жайы: Академическая көшесі, 9 үй, 107 кеңсе, Қарағанды қ., Қазақстан (Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті)
Phone: +7 (778) 108 86 96
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

6М030100 «Юриспруденция» мамандығының Ю-11 НП тобының магистранты Әсемгүл Ахметқызы Сағындықова Ресей Федерациясының Кемер қаласында 2018 жылғы 26 ақпанда өткен «Бостандық және құқық» XXIII халықаралық ғылыми конференциясына «Коррупцияның түсінігі және мәні» тақырыбындағы баяндамамен қатысып, жеңімпаз атанды.
Әсемгүлдің жұмысына ЭҚЗ ҒЗИ заңдық зерттеулер лабораториясының аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Болат Өміржанұлы Сейітхожин ғылыми жетекшілік жасады.
Әсемгүлді Ахметқызыны және Болат Өміржанұлын 1-дәрежелі Дипломдарымен құттықтаймыз, шығармашылық жаңа табыстар тілейміз!

ҚҚЭУ ЭҚЗ ҒЗИ-ның ұжымы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҚЭУ қатысу үшін 10 сәуірге дейін он-лайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады

««Төртінші индустриалды революция жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдірудің теориялық және құқықтық және құқық қорғау мәселелері»»

Құттықтаймыз!

Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институтының ұжымы з.ғ.д., профессор Қайратр Әлиханұлы Бәкішевті, э.ғ.д., профессор Айбота Мұратқызы Рахметованы, з.ғ.к., доцент Аликжан Халелұлы Феткуловты Ұлттық ғылыми кеңестің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді «Мәңгілік Елдің» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру: гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) басым бағыты бойынша гранттық қаржыландыру жөніндегі оң шешімімен құттықтайды.
Жеңімпаздарға шығармашылық табыстар, зор денсаулық және отбасылық құт-береке тілейміз!!!

Жоғарғы математикадан олимпиада

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғарғы математика кафедрасы, Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орын және колледж студенттерін (экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер), жоғарғы математика пәні бойынша өтетін Олимпиадаға шақырады. Олимпиада 23 қарашада сағат 14.30 өтеді.
Қатысатын студенттер «олимпиадаға қатысу» хабарлауын келесі түрде Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштаға жібере алады:

Ф.А.Ә.

ЖОО/ колледж

Контакт. тел.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласуыңызға болады: 87079532084. Жауапты – Бейсеналина Сауле Толепбергеновна.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus