• Мамандық шифры:

    5B090500

    Мамандығы:

    Әлеуметтік жұмыс-«Әлеуметтік басқару»

    Факультеті:

    Бизнес және құқық факультеті

    Дайындық бағыты:

    Қызмет көрсету саласындағы

  • 01.10.2016 жылға білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің саны
    61
    Бюджет қаражаты есебінен оқитын студенттер
    6
    Атаулы гранттар, стипендиялар алатын студенттер
    3
    Бағдарлама бойынша оқитын шетелдік студенттер
    -
    Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысатын студенттер
    3

    Бағдарламаның дәрежесі: 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр «Әлеуметтік басқару» оқу бағдарламасы
    Дәрежесі және мерзімі Дара дәрежесі (бір университет) ( ECTS 279 кредит/ 160 қаз. кредиттер)
    Оқу орны Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
    Аккредитация Білім беру Сапасын Қамтамасыз етудегі Қазақстандық Тәуелсіз Агенттік (БСҚҚТА) http://nkaoko.kz/
    Қолданылу мерзімі Бұл бағдарлама 4 жыл мерзіміне Университетте 2016 жылдан бастап дәреже алатын тұлғаларға бекітілді .
    Деңгейі ЕКБШ үшін БШ (жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі үшін біліктілік шеңберлері): 1ші цикл; ЕБШ (еуропалық біліктілік шеңберлері): 6 деңгей; ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері): 6 деңгей
  • A) Мақсаты
    • Білім беру бағдарламасының мақсаты – біліктілігі жоғары, әлемдік көзқарастары қалыптасқан, қазіргі қоғамдық өмір деңгейін дұрыс бағалайтын, әлеуметтік, әлеуметтік педагогикалық, психокоррекциялық жұмыстарды моделдеу және талдау дағдылары мен шеберліктері қалыптасқан, азаматтар мен әлеуметтік топтардың жүріс-тұрыстарын реттеуде біліктілігі бар, тұлғалық қызығушылықтарын жүзеге асыруға ықпал ете алатын, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға әрі қоғамда әлеуметтік үйлесімділікті қамтамасыз ете отырып, оны әрі қарай дамыта алатын мамандарды дайындау.
  • B) Сипаттамасы
    • 1.Пән/пәннің облысы
    • Негізгі пәндер:
    • Әлеуметтік жұмыс теориясы
    • Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, басқару және әкімшелендіру
    • Әлеуметтік медицинаның негіздері
    • Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
    • Жалпы және әлеуметтік психология
    • Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
    • Әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістері
    • Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері
    • Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер
    • Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс
    • Жастармен әлеуметтік жұмыс
    • Әйелдермен әлеуметтік жұмыс
    • Пенитенциарлы жүйелер мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыс
    • Әлеуметтік геронтология
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері
    • Қақтығыстану
    • Дінтану және конфессиялармен әлеуметтік жұмыс
    • Әлеуметтік саланы реттеу
    • Әлеуметтік менеджмент
    • 2.Жалпы ақпарат/
    • Мамандану
    • «қызмет көрсету саласындағы бакалавр»
    • 3.Бағыты
    • қызмет көрсету
    • 4.Ерекшеліктері
    • магистратура
  • C) Жұмыспен қамту және одан әрі оқыту
    • 1.Жұмыспен қамту
    • Ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі құқықтық мекемелер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет; пенитенциарлық жүйе, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық мамандырылған мекемелер (жанұялық балалар үйі, интернат-үйлер, әлеуметтік баспаналар, арнайы мекемелер); жас өспірім клубтары, жастар бірлестігі мен ұйымдары, емдік-профилактикалық және басқа медициналық ұйымдар, әр түрлі халық категориясы үшін орталықтар, әлеуметтік-өндірістік саласындағы әлеуметтік қызмет, ақысыз мемлекеттік емес ұйымдар.
    • 2.Одан әрі оқыту
    • Магистратура
  • D) Білім беру стилі
    • 1.Зерттеу және оқыту тәсілдемесі
    • Кредиттік оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникативті технологиялары негізінде келесі оқыту әдістері жүзеге асырылады:
      • белсенді әдістері;
      • интерактивті әдістер;
      • практикалық-бағдарланған әдістері.
    • 2.Бағалау әдістері
    • Блокты-рейтингтік бақылау технологиясын Іске асыру шеңберінде келесі әдістер қолданылады:
      • ауызша бақылау әдістері;
      • жазбаша бақылау әдістері;
      • практикалық бақылау әдістері;
      • тесттік бақылау әдістері.
    • Бақылау формалары:
    • жеке;
    • топтық;
    • ұжымдық.
  • E) Бағдарламалық құзыреті
    • 1.Жалпы құзыреті
    • Бағдарлама академиялық бағдарламалар циклінің бірінші деңгейінің сапасын қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының "Жоғары білім. Бакалавриат." талаптарына сай.
    • Бірінші цикл күтілетін жалпы құзыреттіліктен тұрады (сондай-ақ белгілі түйін дағдылары). (http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200001080 осы веб-сайттан қарау ).
    • Төменде аталған құзыреттіліктер осы бағдарламаларға тән құзыреттіліктерді білдіреді:
      • жоғары білімді тұлғаның ойлау мәдениеті мен дүниетанымын қалыптастыратын ғылыми-жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімдерін меңгеру керек;
      • күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысын игеру;
      • қоғамдық пікір, салт-дәстүр, қоғамдық нормаларға және өзінің кәсіби қызметінде оларға сүйенуге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу;
      • Қазақстанның заңнамасын және құқықтық жүйе негіздерін білу; іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын білу;
      • Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу; басқа да әлем халықтарының дәстүріне және мәдениетіне төзімді болу;
      • қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу; әр түрлі әлеуметтік жағдайларда барабар бейімделе білу;
      • командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу; өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре бір мәмілеге келу: кәсіби және тұлғалық өсуіне ұмтылу;
      • әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді пайдалану әдістерін талдай білу, тәжірибеде гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың әр түрлі әлеуметтік және кәсіби қызметтерін қолдану;
    • 2.- кәсіби саладағы түсініктер мен білімді демонстрациялауға қабілетті болу;
    • ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және әлеуметтік жұмыс саласындағы шешімдерді жеткізе білу;
      • жинақталған тәжірибені сыни түрде қайта ойлауға, қажет болған жағдайда өзінің кәсіби қызметін өзгертуге, өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік мәнін сезіну, кәсіби қызметін орындауға жоғары мотивацияны иеленуге
    • қабілетті болу;
      • ақпаратты талдауға, қорытуға, қабылдауға, мақсаттары мен оның жетістіктерін таңдау жолдарын қоюға қабілетті болу: тұжырымдарды дәлелдеуі мүмкін және әлеуметтік жұмыс саласындағы проблемаларды шеше білу;
      • әлеуметтік жұмыс технологияларын, жіктелуін, беті үйлестіру әдістерін білу және тәжірибелік қызметте пайдаланудың тиімділігін талдай білу;
      • әлеуметтік жұмысқа қатысты критерийлер тиімділігін, ұйымдық құрылымдардың білімдерін, басқару әдістерін және реттеу өлшемдерін меңгеру;
      • әлеуметтік жұмыс саласындағы білімді, дағдыларды және құзіреттіліктерді игеруге қабілетті болу (әлеуметтік диалог жүргізе білу қабілеті);
      • әлеуметтік қызметті көрсетуді ұсынуды тиімді жүзеге асыру үшін білім, білік, дағдыларды және біліктіліктерді меңгеруі тиіс;
      • әлеуметтік диалог принциптерін игеруге қабілетті болу;
      • авариялық және төтенше жағдайларда сауатты іс-әрекет жасай білу шеберлігін, еңбек және тіршілік қауіпсіздігі физиологиясы негіздерінің білімдерін меңгеру;
      • әлеуметтік жұмыс саласындағы технологиялар беталысының дамуы мен озық ғылыми-техникалық тәжірибені талдауға қабілетті болу;
      • әлеуметтік қызметтерді ұсынудағы теориялық, тәжірибелік зерттеулерді орындауға қабілетті болу;
      • жеке тұлғаның жан-жақты гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану білімі мен мүдделерінің кәсіби өсуіне және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті болу.
  • F) Осы бағдарлама бойынша оқыту нәтижелерінің толық тізбесі
    • Студенттердің кәсіби тәжірибесі тұрғысынан, жұмыс ұйымдастыруда, сондай-ақ клиентпен түлектер келесі түрде қабілеттіліктерін көрсете алады:
      • әлеуметтік-құқықтық жүйенің және ҚР заңнамасының, тарихы, теориясы, практикасы, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік психология, әлеуметтік педагогика негіздерін көрсете білу; әлеуметтік жұмыстың жалпы және жеке әдістері және технологияларын меңгеру;
      • әлеуметтік жұмыс алдында тұрған практикалық міндеттерді шешуде осы білімді қолдану, кәсіби қызмет саласында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, өндірістік және зерттеу қызметтерін сәтті жүзеге асыру;
      • әлеуметтік қызмет саласында кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін ақпараттарды жинау және түсіндіруді игеру;
      • әлеуметтік қызмет саласында ақпаратты, идеяларды, проблемалар мен шешімдерді мамандар, сондай-ақ мамандарға қатысы жоқтарға да хабарлау.
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus