• Платонус
  • ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
  • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 2021 жылғы 20 қаңтардан университеттің ресми атауы "ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ" ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКЕМЕСІ болып өзгерді Қайта тіркеу күніне дейін жасалған барлық шарттар, шарттарды толық орындағанға дейін күшінде болады. Біздің мекен жайға құжаттарды жөнелту кезінде университет атауының өзгергенін ескерулеріңізді сұраймыз.

Жаңалықтар

MBA магистранттарына арналған бизнес-тағылымдама/ойлау мектебі

MBA магистранттарына арналған бизнес-тағылымдама/ойлау мектебі

2024 жылдың 13 сәуірінде МВА студенттерін оқыту шеңберінде «Менеджмент», «Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық» мамандықтары бойынша магистранттар үшін «Бизнес-тәжірибе/ойлау мектебі» модулі аясында “Мақсат қою және жоспарлау» тақырыбы бойынша іскерлік ойын өткізілді. Ойынды арнайы шақырылған бизнес-тренер,...
«Қазіргі жастар: инновациялар жасай отырып, біз болашаққа ұмтыламыз» атты ix халықаралық студенттер слеты»

«Қазіргі жастар: инновациялар жасай отырып, біз болашаққа ұмтыламыз»...

12 сәуірде Қазақстанда өзінің кәсіби мерекесі – ғылым қызметкерлері күні - ғылыми орта өкілдері атап өтті. Мереке күні кездейсоқ таңдалмаған. Бұл күн 1946 жылы басқарған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті - академик Қ.И. Сәтбаевтың Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында...

"Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны

2024 жылдың 10 сәуірінде біздің университетте студенттер мен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің білім алушылары арасында "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынның негізгі мақсаты студенттердің зияткерлік-шығармашылық әлеуетін көрсету...
Тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық студенттік дөңгелек үстел

Тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық студенттік дөңгелек үс...

2024 жылғы 11 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің қабырғасында Erasmus + 101082914-EPOS-ERASMUS-JMO-2 2022-2025 EPOS «European practice of sustainable development management towards green transformation» жобасын іске асыру шеңберінде "Жасыл трансформация жолында орнықты дамуды басқарудың...
Докторантура-табысты мансаптың кілті

Докторантура-табысты мансаптың кілті

2024 жылдың 09 сәуірінде «Ғылым апталығы» аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырған «Докторантура ‑ табысты мансаптың кілті» атты форсайт-сессиясы өтті. Сессияның модераторы Салауатова Динара Муслимовна ‑ философия докторы (PhD), жетекші ғылыми қызметкер-постдокторант,...

"Ғылыми мақаланы қалай жазуға болады" тақырыбындағы мастер-класс

2024 жылдың 8 сәуірінде біздің университет қабырғасында ғылым апталығы аясында "ғылыми мақаланы қалай жазуға болады" тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класс Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Жас ғалымдар Кеңесінің қолдауымен өткізілді. Мастер-класс жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды...

April 2024
M T W T F S S
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30
  • Мамандық шифры:

    7М04108

    Мамандығы:

    Есеп және аудит (профильді бағыт)

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

  • 2021-22 жылғы білім бағдарламасы бойынша оқитын магистранттар контингенті
    3
    Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде білім алатын магистранттар
    -
    Магистранты, обучающиеся на платной основе
    3
7М04108 ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ
7М04108 «Есеп және аудит» магистерлік білім беру бағдарламасы мынадай пәндерді оқытуды қарастырады: "Аудиттің фирмаішілік стандарттары", «Қаржылық есеп (ілгерілмелі)», «Тереңдетілген басқару есебі», «Қаржылық математика», «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары» және т.б. Бұл келесі дағдылармен құзыреттерге ие болуға мүмкіндік береді: кәсіпорындардың шаруашылық мәмілелерін есепке алуд, қаржылық есептілікті құрастыру мен талдау, ақпаратты өндеудің заманауи әдістерін ұйрену, бухгалтерлік компьютерлік бағдарламаларды қолдану, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен аудит стандарттарын тәжірибеде пайдалану.
Осы бейін магистрлері басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын әртүрлі меншік нысанында және әртүрлі қызметтерді атқаруға тағайындалған.
7М04108 «Есеп және аудит» дайындық бағыты бойынша магистратура түлектері келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындайды алады:
профильдік дайындық кезінде: әр-түрлі экономика салаларының ұйым қызметі, сала ерекшелігін ескере отырып: мемлекеттік басқару органдары (министрліктер мен ведомстволар, Мемлекеттік кірістер департаменті, статистика бойынша ҚР Агенттігі), ұйымдастыру –құқықтық түріне қарамастан мекеме және кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады.
Бітірушіге академиялық дәрежесі беріледі:
- профильдік бағыт бойынша - 7М04108 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистры

Оқу мерзімі: профильдік бағыт бойынша – 1 жыл.

Оқыту нысаны – күндізгі.

Бағдарлама дәрежесі: 7М04108 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистры
Дәрежесі және мерзімі Дара дәреже (69 ECTS кредиті/ 28 қазақстандық кредит).
Оқу орыны Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Аккредитациялау Сапаны қамтамасыз ету бойынша Австриялық агенттік (AQA)
Қызмет ету мерзімі Бұл бағдарлама университетте 2016 жылдан бастап дәреже алатын тұлғалар үшін университетпен 2 жылдық мерзімге бекітілген.
Деңгейі ЕЖБК БШ (Еуропалық жоғары білім кеңістігі үшін біліктілік шеңберлері): 2-ші цикл; ЕБШ (еуропалық біліктілік шеңбері) 7-ші деңгейі; ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңберлері ): 7-ші деңгейі.
  • A) Мақсат
    • Осы магистрлық бағдарламаның мақсаты бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудит, эксперименттік зерттеу және кәсіпорындардың шаруашылық қызметін талдау әдістерін кәсіби қызметінде іске асыру аумағында жан-жақты білімді кадрлар дайындау.
      Табысты түлектер көрсетулері тиіс:
      - дамытушылық білімдері мен түсінуі, жоғары білім деңгейінде алынған түпнұсқа ерекше дамуына немесе идеяларды қолдануына негізі немесе мүмкіндігі болып табылады;
      - бухгалтерлік есеп және аудитпен байланысты жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы контексттерде және кең ауқымды (немесе пәнаралық) шеңберде білімін, түсінушілігін және мәселелерді шешу қабілеттілігін қолдануы тиіс;
      - толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті есепке ала отырып осы пікірлер мен білімдерді қолданғаны үшін білімді біріктіру, қиындықты шешу және кәсіби пікірді шығару;
      -мамандарға және мамандар еместерге өз тұжырымдарын және кәсіби білімдерін нақты және түсінікті жеткізу;
      -оқуды өздігінен жалғастыру.
  • B) Сипаттама
    • 1.Пән/ пән ауданы
    • Негізгі пәндер: Психология, Менеджмент, Ілгері қаржы есебі, Тереңдетілген басқару есеп, Аудиттың ішкі фирмалық стандарттары, Кәсіпорын мүлкін бағалау.
    • 2.Жалпы ақпарат/ Мамандану
    • Профильдік бағыттағы 7М04108- «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы жоғары білімді магистрлер дайындау үшін арналған және экономика мен бухгалтерлік есеп аумағындағы тәжірибе құзыреттеріне негізделген мамандарды дайындау үшін арналған.
      Бағдарлама пәндері әдеттер мен шеберлікті қалыптастыру үшін арналған:
      -әдістік сипаттағы, есеп және аудитке жататын, есептің әртүрлі жана әдіс-тәсілдерін құрастыруды талап ететін мәселелерін шешу, оның ішінде инновациялық;
      –есеп және аудит аймағында эксперименталды-ізденіс қызметін іске асыратын шеберліктер мен дағдыларының болуы;
      -бөлімшенің немесе кәсіпорынның қызметін тұтастай түзетуін жүзеге асыру;
      -кәсіпорыннын есептеу әдістемесі саясатының таңдауын және қойылған мақсаттарын әдістемелік дәлелдеу.
      7М04108- «Есеп және аудит» мамандығының түлегі бухгалтер- талдаушы болады.
      Мамандануы: экономиканың нақты секторында бухгалтерлік есеп.
    • 3.Бағыт
    • Осы бағыт магистрлері басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық жұмыстарын әртүрлі меншік нысанында және әртүрлі қызметтерді атқаруға тағайындалған.
    • 4.Ерекшеліктер
    • Кәсіби қызмет объектілері болып әр-түрлі экономика салаларының ұйым қызметі, сала ерекшелігін ескере отырып: мемлекеттік басқару органдары (министрліктер мен ведомстволар, Мемлекеттік кірістер департаменті, статистика бойынша ҚР Агенттігі), ұйымдастыру –құқықтық түріне қарамастан мекеме және кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады.
  • C) Жұмысқа орналастыру және одан әрі оқыту
    • 1.Жұмысқа орналастыру
    • 7М04108 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы магистранттар, жұмыс берушілер мен қоғам қажеттіліктерін ескере отырып мезгіл-мезгіл қайта қаралады. Жұмыс берушілермен тұрақты қарым қатынастар қалыптасқан, сонымен қатар жұмыс берушілер магистранттарға жұмыс орынын ұсынады. Білім беру бағдарламасын әзірлеуге және одан әрі дамытуға жәрдем көрсетіледі, мамандық пәндерін оқыту және жеке пәндерді зерттеулер мен процестер сапасын қамтамасыз ету үрдістеріне белсенді қатысады. Білім беру бағдарламасы өндірістік (кәсіптік) компонентті қамтиді, мысалы магистранттың экперименталды-зерттеу жұмысы мен өндірістік тәжірибесі. Түлектердің мансап және мансаптық перспективасы қадағаланады және олар өмір бойы білімдерін жетілдіруге бағытталады.
    • 2.Одан әрі оқыту
  • D) Білім беру стилі
    • 1.Зерттеу және оқыту әдістері
    • «Білім алудың» 6 деңгейі қолданылады: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу және бағалау.
    • 2.Бағалау әдістері
    • Бағалаудың екі түрі қолданылады: аралық және қорытынды.
      Аралық бағалау магистранттарға және оқытушыларға білім беру үрдісіне қандай және не себептен өзгертулер енгізу қажеттігін білдіреді. Үздіксіз бақылау бөлігі ретінде қолданылады, семестр ортасы мен соңында орындалады.
      Қорытынды бақылау бағдарлама немесе модуль соңында магистранттардың үлгерімін қорытады, қорытынды баға әріптік-цифрлық көрсеткіште қойылады.
      Төмендегі оқыту әдістері кеңінен қолданылады: магистранттардың өзіндік жұмыстары, тестілеу, эссе, рефераттар жазу, сase-study шешу, жобалар мен презентациялар жасау және практика.
      Тікелей емес оқыту әдістері: магистранттар, түлектер, жұмыс берушілер, арасында сауалнама мен сұрау өткізу, силлабустарды және оқыту мазмұнын талдау.
  • E) Бағдарламалық құзыреті
    • Түйін құзыреттері
    • «Магистратура» бағдарламасы ЖОО кейінгі білім берудің жалпыға міндетті Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес академиялық бағдарламалардың екінші деңгейдегі циклдің сапасын қамтамасыз ету үшін жасалған.
      Бұл екінші деңгейдегі циклдің түлектерінен күтілетін түйінді құзыреттерді қамтиды (сондай-ақ түйін дағдылары деп те аталады). Төменде аталған құзыреттер осы бағдарламаның жиынтық және ең танымал құзыреттері болып табылады:
      1. Ғылыми танымдарының әдістемелерін, қағида мен құрылымын білуі тиіс.
      2. Алған білімдерін зерттеу және аналитикалық жұмыс жүргізу мақсаттарын шешу үшін және жаңа таныс емес жағдайларда және типтік емес жағдайларда талдау жұмыстарын жүргізуді интегралдау және пайдалана алу.
      3. Шет тілін еркін меңгеру, кәсіби міндеттердің жүзеге асырылуына қажетті деңгейінде білу.
      5. Ғылыми зерттеу әдістемелік ауданынында, кәсіби деңгейде зерттеу жүргізу және кәсіби білімдер мен дағдыларын кеңейтуде білікті болу.
    • Арнайы (кәсіби) өз құзыреті
    • 1. Бухгалтерия қызметкерлерінің әрекеттерін басқару, олардың бухгалтерия және қаржы бөлімі деңгейіндегі жұмыс нәтижелеріне жауапкершілікті қабылдау.
      2. Кәсіпорынның бухгалтерия жұмысының стратегиясын анықтау.
      3. Стратегияны анықтау, процестерді және инновациялық қызметтерді басқару, шешім қабылдау және жауапкершілік деңгейінде ірі компаниялар және олардың қызметі үшін жауапты болу.
      4. Кәсіби қызметтін әдіснамалық негіздерін түсіну, қолданбалы – сипатқа жаңа білім қалыптастыру, сондай-ақ ұйымды дамыту үшін қажетті ақпарат көздерін анықтау.
  • F) ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП (ІЛГЕРІЛМЕЛІ).
    • Қаржылық есеп (ілгерілмелі) пәнін оқу мақсаты болып меншіктің әр-түрлі нысандағы ұйымдар қызметінің бухгалтерлік қаржылық есебін ұйымдастыру мен әдістемелігі бойынша және басқару шешімдерді қабылдау үшін есептік ақпараттарды қолдану бойынша теориялық білімдері мен дағдыларын болашақ мамандарға үйрету болып табылады.
      Осы курстың алдыңғы реквизиттеры: «Қаржылық есеп-2».
      Бұл курстың кейінгі реквизиттары: бітіру жұмысы.
      «Қаржылық есеп (ілгерілмелі) пәнді меңгеру нәтижесінде магистрантта келесі құіреттер болуы керек:
      Шоғырландырылған есеп беру және есепті жүргізу мен ұйымдастыру қағидаларын білімі.
      Қаржылық активтер мен міндеттерді есепте көрсету ептілігі.
      Гиперинфляцияның зардаптарын, жұмысшылардың сыйақылар және үлескерлік құралы негізінде төллеу мен байланысқан басқа операцияларды есепте көрсету игеруі.
      Лектордың аты-жөні: э.ғ.к., доцент Л.А.Попова.
    • ПСИХОЛОГИЯ   Жоғарғы оқу орнындағы оқыту аймағы білім беру жүйесіндегі мамандарды кәсіби даярлау барысында ерекше жауапты орынды алады. Білім беру мазмұны – экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды факторы ретінде тұлғаның өз бетінше дамуына жағдай туғызуға бағытталу қажет. Сонымен, білім беру жүйесінің барлық сатылары мен кезеңдеріндегі мақсаты – тұлғаның жан жақты дамуына жағдай жасау.
      Білім беру бағдарлары халықаралық деңгейде мойындалған білім алушының интеллектуалдық функциялары мен қабілетінің дамуы мен сұраныстарын, оның өзіндік ашылулары үшін мүмкініктермен қамтамасыз етеді.
      Дүние жүзіндегі білім беру шеңберіне кіру бағытында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, әсіресе педагогикалық психология теорися мен практикасында маңызды өзгерістер болып жатыр. Адамның танымдық іс-әрекетінің инновациялық тәсілдерін белсенді меңгеруді бағдарлау, оның жетекші білім берудің негізіндегі оқытуды жаңартуда іске асады. Соңдықтан, қазіргі психолоияда оқыту процесінің тиімділігі көтеруге, білім беру жүйесіндегі ғылыми негізделген және практикалық инновацияның іске асыруға үлкен мүмкіндіктері бар.
      «Психология» курсы барлық мамандықтарда оқитын магистранттарға және олардың психология аумағындағы оқыту мен тәрбиелеудегі рефлексиялық дамуына, психологиялық қорларды кәсіби іс-әрекетінің тиімділігін көтеру мақсатында қолдануға епті және терең меңгеру үшін арналған. Сол себепті, мамандардың психологиялық-педагогикалық дамуын жете білу үшін, жоғары білім беру жүйесінде қоғамның жаңа бағдарларын өрбіту бұл курстың өзектілігін анықтайды.
      «Психология» курсының мақсаты магистранттарға жоғарғы мектеп психологиясын оқытудың негіздері мен педагогикалық іс-әрекет аумағындағы психологиялық білімді қолдану жоспарында олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту.
      Пәнді оқыту міндеттері:
      жоғары мектепте білім беру процесінің психологиялык-педагогикалык мәнін ашу;
      «Психология» курсы аркылы магистранттарға жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік және педагогикалық психология негіздерін, теориялық концепциялары және эмпирикалық зерттеулері туралы толық мағлұмат беру;
      казіргі уақыттағы жоғары мектеп дамуы тенденцияларын қарастыру;
      магистранттардың психологиялық-педагогикалық ойларын дамытуға мүмкіндік беру:
      а) әрбір жеке адам ойларының тереңділігі мен қабылдауы кайталанбайтындығын, оның психикалык тұрпатына байланысты.
      б) адамға деген қатынасты жоғары құндылык ретінде дамыту. Бұл студенттердің басқа мақсаттарға жету үшін пайдалануынан сактайды.
      в) адам психикасының белсенді шығармашылық сипаттағы туралы ойларын қалыптастыру. Бұл психикаға тура араласуға оны өзгертуге болмайтындығын мойындауға көмектеседі. Дағды, іскерлік, білім, тұлға қырлары, қызығулары мен кұндылыктардың барлығы іс-әрекетте калыптасады және өзгереді.
      г) адам психикасының жаңа білім алуының кайнар көзі оның баска адамдармен қарым-қатынасы негізгі қозғаушы күші деп түсіну керек.
      «Психология» курсын оқыту нәтижесінің нәтижесінде магистрантгар мынандай негізгі біліктілікті (білім, іскерлік, дағды) меңгерулері кажет.
      Білуге тиіс:
      - педагогикалык іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялык табиғаты туралы;
      - танымдық іс-әрекетке кіретін психикалык қасиеттер мен процестер туралы;
      - психологиялық-педагогикалық әсер ету спецификасы мен мазмұны туралы;
      - студент тұлғасына әсер ету объектілерінің индивидуалды ерекшеліктері туралы.
      Іскерлік:
      - жоғары оқу орны оқыту процесінде қазіргі окыту әдістері мен кұрал- жабдықтарын тиімді колдана алу;
      - сабакты өткізуге және оған дайындалуға кажетті психологиялық- әдістемелік қорларды пайдалана алу (лекция, семинарлар, СОӨЖ және емтихан);
      - студент тұлғасы және студенттік топтарға зерттеу жүргізудің адекватты психодиагностикалық әдістерін колдана алу.
      Практикалық дағдыларды иелену:
      - кәсіби іс-әрекет аймағындағы коммуникация орнату әртүрлі аспектілер бойынша оқыту процесін баскару;
      - кәсіби рефлексия процесі және іс-әрекет нәтижелері;
      - психологиялық әсер ете алудың негізгі тәсілдерін меңгеру;
      - тиімді кәсіби қарым-қатынас.
      «Психология» курсының мәні тұлғаның кәсіби-бағдарланған шығармашылық потенциялының өсуімен және қалыптасуымен анықталады.
      Магистратура түлектері келесі кәсіби іс-әрекет түрлерін аткара алады: оқу- тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, диагностикалык, түзету және мәдени-ағартушыльқ.
      «Психология» курсы магистранттардың философия, әлеуметтік психология, педагогикалық психология жэне т.б. пәндер бойынша алған білімдеріне негізделеді.
      «Психология» курсы «Жалпы психология», «Жоғарғы мектеп педагогикасы» және баска да психологиялык пәндермен өзара байланысты.
      «Психология» пәнінің бағдарламасы 6М050300-Психология мамандығы бойынша білім берудегі мемлекеттік жалпы міндетті стандартка сәйкес дайындалды.
      Лектордың аты-жөні: п.ғ.к., доцент С.К. Кенжебаева
    • МЕНЕДЖМЕНТ  Қазақстанның жаһандық экономикаға және жаһандық нарыққа кіруі,
      қалыптасқан жаңа халықаралық еңбек бөлінісі, ұлттык экономиканың алдағы
      жаңғыруы елдегі бәсекелік қабілетті және табиғи капиталды дамыту мен тиімді
      пайлдалануды қажет етеді. Осы саладағы ел алдында тұрған проблемалардың
      шешімі әр-түрлі деңгейдегі күрделі жүйелерді басқаруға және ел экономикасының
      әртүрлі салаларын басқаруға бағытталған университеттік білімге негізделген
      менеджерлердің кәсіби бөлігіне байланысты.
      «Менеджмент» пәні күрделі және өзгермелі ортада қызмет ететін заманауи
      ұйымды тиімді баскарудың әдістері мен кағидасын және әдістемесін қарастырады.
      «Менеджмент» пәнін оку магистранттарға тәжірибелік қызмет ету саласында
      басқару шешімдерін қабылдауға, баскарушылық қызмет дағдысын дамытуға және
      ғылыми ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
      Осы бағдарламада менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері, менеджменттің мақсаты мен функциялары, әдістері, мазмұны логикалық жалғасымдылықпен қарастырылады. Менеджмент, нарықтық экономикада
      субъектілердің ерекше шаруашылык жүргізуін және кәсіпкерлік сипаттағы
      экономикалық қатынастар жүйесін, нарыктык конъюнктураға нақты әсер ететін
      бәсекелік күрестің шарттарын басқаруы ретінде қарастырылады.
      Магистранттар бұл пәнді түсіну үшін келесі пәндердің мазмұнын білу
      керек: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Статистика», «Экономикадағы математикалық әдістер», «Маркетинг», «Халыкаралык экономикалық қатнастар және халыкаралык экономика».
      Лектордың аты-жөні: э.ғ.к., доцент А.Т. Абдикаримова.
    • ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ   Қазақстан Республикасының казіргі даму кезеңінде шет тілді білім елдегі
      әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудағы маңызды қор,
      полимәдениеггі және мультилингвалды коғамдағы адамның табысты әлеуметтік
      іс-әрекетінің негізгі кұралы, жалпыпланеталық дүниетанымы бар жеке тұлғаның
      мәдени және зияткерлік дамуы мен тәрбиеленуінің факторы болып табылады.
      Қазіргі уакытта шетел тілдерін терен меңгерген университет бітірушілеріне
      әлеуметтік тапсырыс қалыптаскан, осыған байланысты жаңа формациялы
      мамандар дайындауда шетел тілінің рөлі едәуір артып келеді. «Шетел тілі» пәні
      магистрлер - жоғары білімнің екінші сатысы мамандарын дайындау жүйесіндегі
      басқа курстар арасында ерекше орын алады, өйткені жас егемен Қазакстанға
      кажетті жалпы әлемдік академиялық білімдерге кол жеткізудегі шетел тілдерінің
      маңызы баға жеткісіз болып табылады.
      Тілдік емес жоғары оку орнындағы кәсіби және ғылыми-зерттеу
      магистратураларында шетел тілдерін үйрету болашақ магистрлердің кәсіби және
      академиялық максаттары үшін тілді жалғастырушы деңгейде меңгеруше
      бағытталуы керек, бұл магистрлердің мамандыктың ғылыми-ұғымдық аппаратын
      еркін пайдалануына, ғылыми-акпараттык базасын кеңейтуіне, ғьлыми ақпаратты
      пайдалану, негіздеу, сендіру, ғылыми полемика, академиялық жазу біліктерін
      меңгеруге мүмкіндік береді.
      Шетел тілін магистратурада оқытудың ерекшелігі өзекті жалпы ғылыми
      және арнаулы әдебиеттерді оқу, инновациялык әдістер мен технологияларды
      пайдалану және заманауи кұралдарды тарту болып табылады.
      Магистратурада шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты болашақ магистрдің
      кәсіби іс-әрекетіндегі тілді белсенді меңгерудің дағдылары мен біліктерін ары
      карай дамыту негізінде шет тілді білімнің халыкаралык стандарттары шеңберінде
      коммуникативтік кұзіретін жүйелі тереңдету болып табылады.
      Бұл мақсатқа «Шетел тілі» пәнін оқытудың нақты оку міндеттері сәйкес келеді:
      жалпы ғылымдық және ғылыми-кәсіби проблематикалар шеңберінде полемика мен дәлелдеу біліктерін дамыту негізінде монолог және диалог түрінде шетел тілінде ауызша байланыс жасау дағдыларын жетілдіру;
      мамандығына сәйкес шетел әдебиетін және коғамдык-саяси бағыттағы мақалаларды оку және соңынан өндеп, алынған ақпаратгы өз түсінігінше
      пайдалану дағдыларын ары қарай дамыту;
      шетел тіліндегі ғылыми ақпаратты жалпы кабылданған негізгі
      формаларда жазбаша мазмұндауға үйрету;
      маманды дайындау бағыты бойынша іскери сөйлеу жанрларының ресми-іскери және ғылыми функционалдык стильдерді лингвистикалық
      сипаттамаларын зерттеу;
      жалпы ғылыми және кәсіби бағытталған аутентивті мәтіндерді шетел
      тілінен оқыту тіліне және оқыту тілінен шетел тіліне аудару дағдыларын жетілдіру;
      кәсіби бағытталған мазмұндағы материалдар негізінде тыңдау;
      дағдыларын ары карай жетілдіру.
      Магистратурадағы шетел тілі курсы сабақтастық талаптарына жауап береді
      және үш сатылы жоғары білім буындарының бірі болып табылады. Бұл типтік бағдарлама шетел тілін оқытуды жалғастыруға, алдыңғы сатыда кұрылған базаны жетілдіруге бағытталған және бакалавриаттағы «Шетел тілі» пәнімен тығыз
      байланысты. Бұдан басқа, шетел тілін оқыту студенттің казак және орыс тілдерінің практикалық курстарында алған лингвистикалық білімдеріне, сонымен қатар, магистранттың мамандығы бойынша біліктері мен дағдыларына сүйенеді.
      Студентгер «Шетел тілі» пәнін оку барысында магистранттың ғылыми
      жобасымен байланысты арнайы әдебиетпен жұмыс жасайтындыктан, олар шетел тілін үйрену үрдісінде алған білімдерін өздерінің курстық және магистрлік диссертацияларын корғау үшін белсенді колданады. Ьұдан басқа, магистранттар шетел тілі бойынша білімдерін, алған біліктері мен дағдыларын кез келген қатар оқылатын жақын пәндерге колдана алады.
      Осылайша, «Шетел тілі» курсын аяктаған магистрант:
      оқитын шетел тіліндегі материалды ғылыми мазмұндаудың функционалдык-стильдік сипаттамаларын,
      шетел тіліндегі сәйкес мамандығының жалпы ғылыми терминологиясын
      жэне терминологиялық астарын,
      халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі іскерлік хат жазысудын
      негіздерін білу;
      таңдаған мамандығы бойынша тұпнұска әдебиетті еркін окып, аудару, алынған акпаратты өндеп, өз түсінігінше пайдаланып, бағалай,
      ғылыми ақпаратты жазбаша түрде (реферат, аңдатпа, түйіндеме) бере,
      кәсіби пікірсайыстар, ғылыми дебаттар, жарыссөздер, "дөңгелек үстел" сұхбаттарына қатыса,
      ғылыми зерттеуін ұсыну њшін (семинарларда, конференһияларда,
      симпозиумдарда, форумдарда) сөйлей, тікелей және жанама қарым-қатынас кезінде көпшілік алдындағы сойлеуді (лекциялар, баяндамалар, теле- және интернет бағдарламаларын) тындау аркылы кабылдап, түсіне алуы;
      мамандығы бойынша монолог, диалог/полилог түрлерінде (баяндама, хабарлама, пікірталас, дебат, жарыссљз, ғылыми пікірсайыс, "дөңгелек үстел" сұхбаттары) ауызша карым-катынас жасау,
      мамандығы бойынша ақпараттық материалды мазмұндаудың жазбаша түрлерін (ғылыми баяндама, хабарлама, тезистер, постерлік баяндама, реферат, андатпа) дайындау,
      шетел тіліндегі лексикографиялық дереккөздермен (дәстүрлі және online)
      жұмыс істеу,
      шетел тілін окытудың заманауи кұралдарын (шетел тілдерінің ұлттык корпустарын) колдану дагдыларьіна ие болуьі керек.
      Оку жоспары бойынша шетел тілінің практикалык сабактарына тек дәрісханалық қана емес, магистранттардын өздік жұмыс түрлері (МОӨЖ) де бөлінеді. Осыған байланысты МОӨЖ үшін жалпы ғылыми және кәсіби сипаттағы мәтіндерді окып, аудару, яғни материал ауызша және жазбаша тапсырылатын «академиялық оку» ("academic reading") дегі аталатын жұмыс түрі бөлінеді, соңынан бакьлау кезенінде жұмыстың бұл түрі магистранттардың реферат түрінде және/немесе ауызша тапсыратын жеке жобалау жұмыстарына негіз болады.
      Бұл бағдарлама осындай типті бағдарламаларға тән ұсынылатын дәстүрлі белімдерден: кіріспеден, негізгі бөлімнен, магистранттың өздік жұмысына арналған тапсырмалардан, магистранттың өздік жұмысына арналған такырыптардан, білімді бақылауға және бақылау түрлерне қойылатын талаптардан, ұсыналатын әдебиеттер тізімінен тұрады.
      Лектордың аты-жөні: ф.ғ.к., профессор Г.Т.Аубакирова, п.ғ.к., доцент Г.Н Ертысбаева
  • «Финансовый учет (продвинутый)» 1 кредит/2 ECTS
    • Целью изучения дисциплины «Финансовый учет (продвинутый)» является формирование у будущих специалистов теоретических знаний и практических навыков по методологии и организации бухгалтерского финансового учета деятельности организаций различных форм собственности и использованию учетной информации для принятия управленческого решений.
    • В результате освоения дисциплины магистрант должен обладать следующими компетенциями:
    • знать: принципы организации и ведения консолидированного учета и отчетности; специфику формирования и использования бухгалтерской информации для управления организацией.
    • уметь: готовить аналитические материалы для оценки мероприятий в области экономической политики и принятия стратегических решений в корпоративном бизнесе; анализировать и использовать различные источники информации для проведения экономических расчетов; составлять прогноз основных социально- экономических показателей деятельности корпорации.
    • владеть: способностью совершенствовать и развивать свой интеллектуальный и общекультурный уровень; способностью самостоятельно приобретать и использовать в практической деятельности новые знания и умения; способностью принимать организационно- управленческие решения и готовностью нести за них ответственность; способностью руководить экономическими службами и подразделениями на предприятиях и организациях различных форм собственности; навыками исследовательской работы по разработке современных форм консолидированного учета и отчетности корпоративного бизнеса.
    • Лектор: к.э.н., доцент Попова Л.А.
  • Таңдау бойынша курс 1 Қаржылық математика
    • Пререквизиттер: Экономикадағы математика, Қаржы.
      Постреквизиттер: Қаржы есебі (ілгерілмелі), Қаржылық менеджмент (ілгерілмелі курс), магистерлік жобаны жазу.
      Мақсат: математикалық аппаратты қолдана отырып сандық каржылық талдаудың негізгі бағыттарымен танысу.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Қаржылық операциялар логикасы. Қарапайым пайыздар. Қарапайым пайыздық ставка. Қарапайым пайыздар бойынша дисконттау. Күрделі пайыздар. Күрделі пайыздар бойынша дисконттау. Күрделі үздіксіз пайыздар. Ағындар. Ағындар түрлері. Тұрақты аннуитеттер. Өзгермелі және үздіксіз аннуитеттер. Бағалы қағаздар түрлері. Облигациялар табыстығы. Акциялар табыстығы және олармен жасалатын операциялар. Қаржылық тәуекелдер. Бағалы қағаздар қобдишасының табыстылығы мен тәуекелі. Бағалы қағаздар қобдишасының құрылымын оңтайлау. Күтілетін нәтижелер: кәсіптік-қолданбалы міндеттеріді шешу мақсатымен қаржылық есептерді пайдалану бойынша мықты теориялық білім мен тәжірибелік дағдылардың болуы. Математикалық әдістерді қолдана отырып өзін өзі дамыту үшін заманауи экономикадағы жаңа идеяларды талдау және сыни бағалау.
      Лектор: ф-м.ғ.к. Айтенова М.С.
  • Таңдау бойынша курс 2 Аудиттың ішкіфирмалық стандарттары
    • Пререквизиттер: Аудит, Тәжірибелік аудит
      Постреквизиттер: магистерлік жоба
      Мақсаты: Аудиттың ішкіфирмалық стандарттарымен танысу және тәжірибеде
      қолдануды ұйрену.
      Курстың қысқаша сипаттамасы:
      Аудиттың ішкіфирмалық стандарттарын құрастыру. Аудиттың ішкіфирмалық стандарттарының концептуалдық негізі. Ішкіфирмалық аудитты реттейтін жалпы қағидалар мен мақсаты. Аудит бойынша келісімдер жағдайлары. Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау. Құжаттама. Ішкі аудит кезінде заңдармен нормативтік актілерді қолдану. Көзбояушылық және қателер. Жоспарлау. Аудиторлық дәлелдер. Аудиттық қорытындылар мен есепберуді ұсыну.
      Күтілетін нәтижелер: Аудиттың ішкіфирмалық стандарттарын іс-жүзінде қолдануда құзыретті болу.
      Лектор: э.ғ.к., доцент Березюк В.И.
  • Таңдау бойынша курс 3 Тереңдетілген басқару есебі
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Кәсіпорын экономикасы, Кәсіпкерлік құқық, Қаржы есебі 2, Басқару есебі 1.
      Постреквизиттер: магистерлік жоба
      Мақсаты: Бизнестің бәсекелестігін нығайту үшін инновациялық, стратегиялық және логистикалық менеджментке сәйкес оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау әдістемесін ұйрену.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Тереңдетілген басқару есебінің ұйымдастырушылық және әлеуметтік аспектілері. Белгісіздік жағдайында әрекетету теориясы . Қорлардың қалыптасуы туралы жедел тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін шығыстар мен шығындар туралы ақпарат. Шектеу теориясы мен уақыт факторы, өнімнің (жұмыс, қызмет) сапасы. Инновациялық қызметтің шығындарын есепке алу. Қазақстан Республикасында тәбиғатты қорғау шығындарын есепке алу. Стратегиялық есептің әдістемесі. Өзіндік құнды есептеудің креативті (жаңаша) әдістері. Бюджеттеу. Стратегия, балансталған бағалау көрсеткіштер жүйесі және пайданы стратегиялық талдау.
      Күтілетін нәтижелер:
      - басқарушылық шешімдер қабылдау үшін шығындарды бағалаудың жалпы қағидалары мен әдістерін білу;
      - қорларды сатып алумен байланысты шығындарды азайту мақсатымен тапсырыстың оңтайлы мөлшерін есептеу әдістемесін игеру;
      - функционалды калькуляция (АВС-әдіс) қағидаларын пайдалана отырып өнімнің өзіндік құнын есептеуді білу;
      - бюджеттерді құру әдістемесін білу; сметаны орындауды жедел бақылау және бағалау ;
      - стратегиялық басқарушылық есеп туралы түсінік алу және блансталған есептік ведомосты жасау тәртібін білу; инвестициялық шешімдер мен кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін бағалау және талдау;
      - басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпарат дайындау дағдысының болуы.
      Лектор: э.ғ.к., профессор Мадиева К.С.
  • Таңдау бойынша курс 4 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС)
    • Пререквизиттер: Қаржы есебі 1, Қаржы есебі 2.
      Постреквизиттер: өндірістік практика, магистерлік жоба.
      Мақсат: Халықаралық қаржылық есептілікке сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру дағдыларының болуы.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті халықаралық деңгейде стандарттау. ХҚЕС-ті құрстырудың ұйымдастырушылық негіздері. Қаржылық есептілікті дайындаумен ұсынудың концепциясы. Қаржылық есептіліктің құрамы мен құрылымы. Активтер есебі аумағындағы ХҚЕС. Міндеттемелер есебі аумағындағы ХҚЕС. Табыстар мен шығыстар есебі аумағындағы ХҚЕС. Кәсіпорын қызметі өзгерген жағдайда қаржылық есептілік. Қосымша есептік ақпаратты ашып көрсету.
      Күтілетін нәтижелер:
      - ХҚЕС-ті құрстырудың ұйымдастырушылық негіздерін оқып ұйрену;
      - қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың концепциясын, қаржылық есептіліктің құрамы мен құрылымын, активтер, міндеттемелер, табыстар мен шығыстар есебі аумағындағы ХҚЕС білу;
      - терең ғылыми білімі болу, тұлғалық өсу мен даму үшін өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту.
      - дисертацияны жазу барысында дәлелдерді құрастыра білу, ақпараттық-іздеу қызметін жүзеге асыру.
      Лектор: э.ғ.к., доцент Торшаева Ш.М.
  • Таңдау бойынша курс 5 Кәсіпорын мүлікін бағалау
    • Пререквизиты: Бухгалтерлік есеп теориясы мен әдістемесі.
      Постреквизиты: өдірістік практика, магистерлік жоба.
      Мақсат: кәсіпорын мүлікін бағалау әдістемесін негізін оқыту барысында магистранттарда кәсіби-маңызды қасиеттерді және жүйелі білімді қалыптастыру.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Бағалаудың ақпараттық базасы. Ақпаратты жіктеу. Машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарын бағалау негіздері. Бағалау мақсатымен машиналар мен жабдықтарды жіктеу және бағалау. Материалдық емес активтерді бағалау. Жылжымайтын мүлікті жіктеу және бағалау. Ғимараттар, құрылғылар және жер учаскесін бағалау ерекшеліктері. Қаржы активтерін бағалау. Дебиторлық берешектер түсінігі, түрлері. Мерзімі өткен, өндіріп алуға келмейтін берешек. Қорлар түрлері, жіктелуі және бағалау әдістері.
      Күтілетін нәтижелер:
      - кәсіпорын мүлікін бағалау негіздерін, бағалау стандарттарын білу, сол білімін тәжірибеде қолдану;
      – тәжірибеде теориялық білімін қолдана білу;
      - тиімді бағалау әдістерін пайдалана білу;
      - бағалау жөнінде нормативтік құжаттарды білу және іс жүзінде қолдану;
      - кәсіби көзқарасты қалыптастыру мақсатымен қажетті ақпаратты жинақтау түсіндіру;
      – командада тиімді жұмыс істей білу.
      Лектор: э.ғ.к., аға оқытушы Мажитова С.К.
  • Теория и методология управленческого учета 3 кредита/5 ECTS
    • Пререквизиты: Перспективные вопросы финансового учета и отчетности
    • Постреквизиты: Производственная практика, магистерский проект
    • Цель: Приобретение магистрантами навыков составления калькуляций и смет и другой информации для целей управления .
    • Краткое описание курса: Составление калькуляций и смет. Виды калькуляций:
      • по центрам ответственности для контроля над соблюдением технологических процессов в целом и по отдельным структурным подразделения, в которых они происходят;
      • по наименованиям изделий для контроля над исчислением полных издержек и цен на конкретные изделия;
      • по видам продукции для контроля за использованием инвестиций и частичными издержками.
    • Подготовка различной информации пользователям:
      • Спрос на выпускаемую продукцию (анализ рынка продаж);
      • Возможности сбыта продукции при определённых условиях и требованиях;
      • Надёжность материально-технического обеспечения производства этой продукции;
      • Информация о ходе основного производства;
      • Информация о технической подготовке производства;
      • Затраты на производство и эффективность выпуска определённых изделий и другое.
    • Ожидаемые результаты:
      • изучить порядок составления калькуляций и смет для целей управления;
      • уметь подготавливать информацию о деятельности предприятия.
    • Ф.И.О. лектора: к.э.н., проф. Мадиева К.С.
  • Международные стандарты финансовой отчетности 2 кредита/3 ECTS
    • Пререквизиты: Финансовый учет 1; Финансовый учет 2; Финансовый менеджмент; Теория и методология бухгалтерского учета.
    • Постреквизиты: производственая практика, магистерский проект.
    • Цель: Приобретение магистрантами навыков формирования финансовой отчетности в сооответствии с международными стандартами.
    • Краткое описание курса: Международная стандартизация учёта и финансовой отчетности. Организационные основы разработки МСФО, Концепции подготовки и представления финансовой отчетности, Состав и структура финансовой отчетности в соответствии с международными стандартами, МСФО в области учёта активов, МСФО в области учёта обязательств, МСФО в области учёта доходов и расходов, Финансовая отчетность организации в случаях изменения деятельности, Раскрытия дополнительной отчетной информации.
    • Ожидаемые результаты:
      • охарактеризовать задачи фундаментальных тем, предусматривающих изучение международных стандартов финансовой отчетности;
      • изучить организационные основы разработки МСФО;
      • изучить концепции подготовки и представления финансовой отчетности, изучить МСФО по учету активов, обязательств, доходов и расходов;
      • повышать навыки самостоятельной работы для владения глубокими, научными, передовыми знаниями и развития личностного роста в профессиональной деятельности;
      • строить аргументацию и доказательства при написании диссертации, подготовке профессионального суждения, уметь осуществлять информационно-поисковую деятельность по специальности.
    • Ф.И.О. лектора: к.э.н., доцент Торшаева Ш.М.
  • Финансовая отчетность в соответствии с МСФО 2 кредита/3 ECTS
    • Пререквизиты: Теория и методология бухгалтерского учета
    • Постреквизиты: производственная практика, магистерский проект
    • Цель: Привитие практических навыков составления финансовой отчетности в соответствии с МСФО.
    • Краткое описание курса: Курс, дает основные знания и навыки в области составления, анализа финансовой отчетности в соответствии с МСФО. Дисциплина охватывает круг вопросов, раскрывающих экономическое содержание финансовой отчетности, состав и структуру различных форм финансовой отчетности и их элементов соответствии с МСФО 1 «Представление финансовой отчетности».
    • Ожидаемые результаты:
      • наличие необходимого объема навыков в области составления финансовой отчетности в соответствии с МСФО;
      • получение определенных практических навыков по технике составления финансовой отчетности.
    • Ф.И.О. лектора: к.э.н., доцент Торшаева Ш.М.
  • Оценка имущества предприятий 2 кредита/3 ECTS
    • Пререквизиты: Теория и методология бухгалтерского учета
    • Постреквизиты: производственная практика, магистерский проект.
    • Цель: сформировать у магистрантов систему знаний об оценке имущества предприятий и организаций, раскрыть подходы и методы оценки основных активов предприятий.
    • Краткое описание курса: Информационная база оценки. Информационная база в зависимости от вида объекта оценки. Классификация информации. Основы оценки стоимости машин, оборудования и транспортных средств организации. Классификация машин и оборудования для целей стоимостной оценки. Основы стоимости нематериальных активов организации. Понятие нематериальных активов, цель и организации их оценки. Особенности оценки отдельных видов нематериальных активов. Оценки стоимости недвижимого имущества предприятий. Классификация недвижимого имущества. Здания, сооружения и земельные участки как объекты оценки: понятие, цели оценки, подходы и методы к оценке. Анализ наилучшего использования Обременения при оценке объектов. Основы оценки стоимости финансовых активов организации. Виды ценных бумаг на финансовых рынках. Основы оценки стоимости акций, облигаций. Особенности применения финансового анализа при оценке отдельных видов финансовых активов предприятия. Основы оценки стоимости запасов и дебиторской задолженности организаций. Понятие и виды дебиторской задолженности. Просроченная и безнадежная ко взысканию ДЗ. Виды запасов организации. Подходы и методы к оценке ДЗ. Оценка ликвидационной стоимости имущества предприятий. Цели, функции и задачи оценки имущества предприятия методом ликвидационной стоимости. Технология расчета упорядоченной ликвидационной стоимости предприятия
    • Ожидаемые результаты:
      • знать организационные основы оценки имущества предприятия; стандарты оценки и уметь применять их в практических ситуациях; иметь четкое представление об особенностях бизнеса как объекта оценки классификации;
      • уметь применить теоретические знания на практике: определять стоимость предприятия целиком или по частям; оценивать собственность предприятия и долю этой собственности приходящуюся на приобретаемый пакет акций; определять стоимость ЦБ; выбирать эффективный метод оценки, базирующийся на соблюдении действующего законодательства и принципах оценки; выполнять работу по оценке активов и пассивов организации и определять стоимость объектов оценки;
      • выработать способность сбора и интерпретации необходимой информации с целью построения и аргументации своего суждения по всем вопросам оценочной деятельности, руководствоваться принципами и правилами оценки;
      • уметь результативно работать в команде, организовать формирование информации таким образам, что бы она была понятна и доказательна всем пользователям ее;
      • уметь самостоятельно изучать зарубежную и отечественную литературу в области оценки и управления собственностью.
    • Ф.И.О. лектора: к.э.н., доц Мажитова С.К.
  • Финансовая отчетность государственных учреждений в соответствии с МСФО ОС 2 кредита/3 ECTS
    • Пререквизиты: Финансовый учет 1; Финансовый учет 2; Финансовый менеджмент; Теория и методология бухгалтерского учета.
    • Постреквизиты: производственная практика, магистерский проект.
    • Цель: Приобретение магистрантами навыков формирования финансовой отчетности в сооответствии с международными стандартами финансовой отчетности для общественного сектора.
    • Краткое описание курса: Характеристика МСФО ОС. Состав, структура и содержание финансовой отчетности в соответствии с МСФО ОС. Порядок составления финансовой отчетности в соответствии с МСФО ОС. Экономическое содержание бухгалтерского баланса и других форм финансовой отчетности и их элементов соответствии с МСФО ОС. Анализ основных показателей финансовой отчетности в соответствии с МСФО ОС.
    • Ожидаемые результаты:
      • наличие необходимого объема навыков в области составления финансовой отчетности в соответствии с МСФО ОС;
      • получение определенных практических навыков по технике составления финансовой отчетности по МСФО ОС.
    • Ф.И.О. лектора: к.э.н., доцент Торшаева Ш.М.
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus

Байланыстар

Бас ғимарат

100009, Қарағанды, Академическая көш, 9

Телефон: +7 7212 441592
Факс: +7 7212 303171
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Call-center: +7 7212 50-21-24
Телефон автоқоңырақ шалуда 44-16-24, 44-16-34, 44-15-68

Жетілдірілген

Қабылдау комиссиясы

100009, Қарағанды, Академическая көш, 9
106 каб

Телефон: +7 7212 44-16-24 вн.6505, 44-15-72
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Карта