• Платонус
  • ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
  • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 2021 жылғы 20 қаңтардан университеттің ресми атауы "ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ" ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКЕМЕСІ болып өзгерді Қайта тіркеу күніне дейін жасалған барлық шарттар, шарттарды толық орындағанға дейін күшінде болады. Біздің мекен жайға құжаттарды жөнелту кезінде университет атауының өзгергенін ескерулеріңізді сұраймыз.

Жаңалықтар

Экономика пәнінен облыстық олимпиада

Экономика пәнінен облыстық олимпиада

16 наурыз, 2024 жыл Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​университетінің базасында Қарағанды ​​және Қарағанды ​​облысындағы мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 9-11 сынып оқушылары, колледж студенттері арасында экономика пәнінен аймақтық олимпиада өтті. Мектеп оқушылары арасында жыл сайынғы зияткерлік...
«Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері» ақпараттық күні

«Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері»...

2024 жылғы 14-15 наурызда біздің университетіміздің Халықаралық бағдарламалар  және жобалар орталығы "Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері" атты ақпараттық күн ұйымдастырды. Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы директорының орынбасары Аитова Зария Булатовна...
Наурыз-көктем мен жаңару мерекесі!

Наурыз-көктем мен жаңару мерекесі!

Қазақстандағы Наурыз-көктемнің, достықтың, махаббат пен құнарлылықтың жалпыхалықтық жарқын мерекесі! 22 наурызда көктемгі күн мен түннің теңелу күні атап өтіледі. Бұл күні аспан жұлдыздары - бір жылдық циклден кейінгі шоқжұлдыздар мен жұлдыздар өздерінің алғашқы болу нүктелеріне келіп, жаңа жолды -...
Университетте буллинг және моббинг бойынша семинар өткізілді

Университетте буллинг және моббинг бойынша семинар өткізілді

2024 жылдың 05 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Салауатты университеттер" жобасы аясында жатақханаларда тұратын студенттерге арналған буллинг және моббинг бойынша семинар өтті. Қазіргі уақытта зерттеу және зорлық-зомбылықтың, агрессияның алдын алу мәселесіне көп көңіл бөлінеді....
1 наурыз - Алғыс айту күні!

1 наурыз - Алғыс айту күні!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні «рахмет» сөзінен басталады. 1 наурызда Қазақстанда Алғыс күні атап өтіледі. Бұл мереке достық, мейірімділік және ынтымақтастық құндылықтарын бейнелейді. Осы атаулы күні университетімізде «Қазақстандағы Алғыс айту күні: тарихы мен мерекелеу дәстүрлері» тақырыбында...

"Қазпошта" АҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2024 жылдың 29 ақпанында университет студенттерімен "Қазпошта" АҚ өкілдерінің брифингі өтті. "Қазпошта" АҚ – ҚР Ұлттық пошта байланыс операторы, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Холдингінің Дүниежүзілік пошта Одағында Қазақстанның пошта әкімшілігін ұсынатын компаниясы жалпымемлекеттік инфрақұрылымның негізгі...

March 2024
M T W T F S S
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Мамандық шифры:

    7М04110

    Мамандығы:

    Қаржы (профильді бағыт)

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

  • 2021-22 жылғы білім бағдарламасы бойынша оқитын магистранттар контингенті
    3
    Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде білім алатын магистранттар
    -
    Ақылы түрде білім алатын магистранттар
    3
7М04110 «ҚАРЖЫ»

7М04110 «Қаржы» мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны «Қаржы теориясы», «Стратегиялық қаржылық менеджмент», «Қаржылық мониторинг», «Қаржылық менеджмент (ілгері курс)», «ЕАЭО мемлекеттердің салық жүйесі» және т.б. сияқты пәндерді оқып-үйренуді білдіреді. Өз кезегінде, ол қаржы нарығының қазіргі таңдағы даму тенденцияларын, әлемдік бизнес-серіктестіктің мәдени, технологиялық, құқықтық, саяси және экономикалық заманауи жағдайларын, ақша, қаржы сұрақтарындағы құзыреттіліктерін әзірлеуге жағдай жасайды. Сонымен бірге, жалпы ғылыми әдіснама, ғылыми-зерттеу жұмысын өткізудің қисыны мен технологиясы, жеке ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, кәсіптік қызмет үрдісінде білім жаңғырту, жаңа ақпараттың белсенді қолданылуын қамтамасыз ететін, оқу-тәрбиелік жағдайларын қарапайым талдау дағдылары, педагогикалық міндеттерді анықтау және шешуге дағдылану. Және ақша, қаржы, қаржы нарығы және экономиканың басқа да бағыттарында білікті болуды.
7М04110 «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесідей түрелерін атқаруына болады:
профильдік дайындық бойынша: қаржы-банктік жүйенің жоғарғы басқару буынының менеджері; қаржылық нарықты зерттеу мен болжамдау бойынша маманы; кәсіпорынның бүкіл функционалдық салаларындағы негізделген басқарушылық шешімдерді әзірлеу бойынша маман; кәсіпорындардың әртүрлі меншік нысанындағы қаржылық қызмет сұрақтары бойынша аудиторы, кеңесші, сарапшы ретінде.
Түлекке академиялық дәреже беріледі:
- профильдік бағыт бойынша - «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі.

Оқу мерзімі:
профильдік бағыт бойынша - 1 жыл
Оқу нысаны – күндізгі.


Бағдарлама дәрежесі: экономика және бизнес магистры 7М04110 «Қаржы» мамандығы бойынша
Дәрежесі және мерзімі Бірлік дәреже (бір университет) (70 ECTS – кредиттер/ 28 қаз. кредиттері)
Оқу орны Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағы
Аккредитация Білім Сапасын Қамтамасызететін Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігі (БСҚТҚА) http://nkaoko.kz/
Әрекет ету мерзімі Бағдарлама Университетпен 1 жылға магистрлік дәрежені 2016 жылдан батап алғандарға арналған
Деңгей КР ЕПВО үшін (жоғары Еуропалық білім кеңістігі үшін квалификациялық шеңбері): 2-цикл; ЕКР (еуропалық квалификациялық шеңберлер): деңгей 7; ҰКШ (Ұлттық квалификациялық шеңбер): деңгей 7
  • A) Мақсаты
    • Аталмыш магистрлік бағдарламаның мақсаты болып, бәсекелестік шарттарында қызмет атқара алатын, қоғам талаптарына және қажеттіліктеріне жауап беретін, жаңа білімдерді игеретін, қаржы облысында сапалы мамандарды дайындау табылады.
      Магистр түлектер келесілерді көрсет білуі керек:
      - жоғары білім деңгейінде алынған дамушы білімдер және түсініктер, идеяларды қолдану қабілетін көрсете білу;
      - қаржы, ақша-несие сферасында туындаған проблемаларды кез келген шарттарда шеше білу;
      - шектелген ақпараттар негізінде қиындықтарды өте білу арқылы білідерді біріктіре алу және әлеуметте әр шешімдері үшін жауапкершлікті сақтай білу;
      - өз білімдерін еркін және нақты дәйектей білу;
      - жеке оқуды жалғастыру.
  • B) Сипатттама
    • 1.Пән/пәннің облысы Негізгі пәндер
      Қаржы менеджменті (ілгерітілген курс), Ақша-несиелік саясат, Приват банкинг, Инвестициялық жобаларды қаржыландыру, Сақтандыру компанияларындағы қаржылық менеджмент, Шетел тілі (кәсіби), Қаржы математикасы, Қаржылық тәуекел-менеджменті, Халықаралық банктік мәмілелер, Әлемдік қаржы нарықтары, Қаржы теориясы, Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, Ғылымның тарихы және философиясы, Педагогика, Психология, Жоғары мектептегі әдістер және оқыту технологиялары
    • 2.Жалпы ақпарат/Мамандануы
    • «Қаржы» мамандығы бағдарламасын орындауда оқу үрдісінде ұйымдастырудың кредит-модульдік жүйе қолданылады, ол жүйе оқу жоспарларының модуль принциптеріне, сынақ бірліктеріне (кредит саны) және тиісті оқу технологиясына негізделген.
    • 3.Бағыты
    • Профильді
    • 4.Ерекшеліктері «Қаржы»мамандығының түлегі келесі қызметтерге маманданады: ғылымми-зерттеу, әлеуметтік-экономикалық басқарушылық, сараптама-талдаушылық, ғылымми-педагогикалық.
  • C) Жұмысқа орналастыру және кейінгі оқу
    • 1.Жұмысқа орналастыру
    • Олар қаржы-банктік салада, ірі корпорацияларда және өңірлік бизнес құрылымдарда, жоғарғы оқу орындарда, ғылыми институттарда, сараптама мекемлерінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда.
    • 2.Кейінгі оқу
    • Докторантура
  • D) Білім стилі
    • 1.Оқу қолданысы және бағыты
    • Оқу үрдісінде келесілер қолданылады проблемалық дәрістер, электронды оқулықтар, бейнедәрістер, қашықтықтан оқыту, вебинарлар, келесі әдістер қолданылады: командалық жұмыс (топтық жобалар жасау және қорғау), дәріс-дискуссия, екілік дәріс, ойын әдістері (брейн-ринг, іскерлік ойындар, қаржы көшбасшысы, банкир көшбасшы, дебаттар, дискуссиялар).
    • 2.Бағалау әдісі
    • Аралық бақылау; аралық аттестация (тест); МҒЗЖ есебін қорғау (педагогикалық және зерттеу тәжірибелері); ғылыми стажировка (есепхат), қорытынды аттестация (мемлекеттік емтихан, магистерлік диссертация жұмысын қорғау)
  • E) Бағдарламалық компетенциялар
    • Жалпы компетенциялар
      Бағдарлама Мемлекеттік жалпыбілім беру стандарттарына сай келеді.
      Жалпы компетенциялар:
      ЖК1 білім, ғылым және техника қабілеттерінің даму тенденцияларын білу
      ЖК2 жоғары мектептері оқытушыларының кәсіби қабілеттерін білу
      ЖК3 ғылыми қызметтің құрылымын білу
      ЖК4 студенттердің білім алудағы психологияларын білу
      ЖК5 зерттеу жұмысында білімдерді біріктіре білу
      ЖК6 өз қызметінде педагогикалық және психологиялық білімдерді қолдана білу
      ЖК7 өз қызметінде шетел тілін еркін қолдана білу
      ЖК8 ғылыми-зерттеу қабілеттерінің болуы
      ЖК9 жаңа ақпараттық технологияларды еркін қолдана алу
      ЖК10 еркін түрде тіл табу және сөйлесу
      ЖК11 әрқашан да білімді жетілдіру
      ЖК12 ғылым, білім және басқа да оған қатысты салаларда компетентті болу
    • 2.Спецификалық компетенциялар Арнайы (кәсіби) компетенциялар
    • КК1 өз білімдерін көрсете білу
      КК2 талдай, сараптай білу
      КК3 қаржылық талдау қабілетіне ие болу
      КК4 жаңа иделарды дайындай білу
      КК5 жеке зерттеулерге дайын болу және білу
      КК6 эконоикалық көрсткіштерді талдай білу
      КК7 жаңа технологияларды зерттеуге дайын болу
      КК8 қаржы және несие саласында зерттеушілік қабілетінің болуы
      КК9 экономикалық мәліметтерді зерттей білу
      КК10 экономикалық үлгілерді құрай білу
      КК11 кәсіби шешімдерді қабылдай білу
      КК12 тиімді шешімдерді қабылдай білу
      КК13 қаржы байланыстарының себеп-салдарын айқындай білу
      КК14 жетілдіру бағытын қолдану
      КК15 жоспарлай білу
      КК16 ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдана білу
      КК17 курстарды даярлауға дайын болуы
      КК18 түрлі ғылыми жиналыстарды ұйымдастыруға дайын болуы
  • F) Бағдарлама бойынша оқытудың толық нәтижелер тізімі
    • Түлек келесі қабілеттерді көрсетеді:
      Компетентті болу: ғылыми зерттеу әдісі саласында; ЖОО-да; жаңа технологияларда; кәіби шешімдер қабылдау.
      түсінік:
      - ғылыми бағыт;
      - қаржы нарығының дамуы;
      - экономикалық заңдар және формалар;
      - экономика, саясат, құқық және технологиялық ортада хабардар болу;
      - ғылыми негіздемлер бойынша.
      білу:
      - қаржы нарықтары мен құралдары;
      - психологиялық және әлеуметтік факторлары жұмыстары;
      - ғылыми зерттеу әдістемелерін;
      - зерттеу нәтижелері түрлері: бірлік факт, эмпирикалық жалпылау, үлгілер, заңдылықтар, заңдар, теория;
      қолдана білу:
      - ғылыми проблемаларды шешу;
      - талдау;
      - үлгілерді құрастыру;
      қабілеттер:
      - зерттеу қабілеттері;
      - жеке зерттеулер жүргізу;
      - компетентті болу:
      - ақша, қаржы және т.б. салаларда.
  • « Пәннің атауы: «Қаржылық менеджмент (ілгері курс)» 1 кредит/2 ECTS
    • Инвестициялық тәжірибе, реттеу, активтер қоржынын басқарудың нәтижелерін бағалау және инвестициялық қызметтің нәтижелері туралы есептерді ұсыну түрлі елдерде тарихи маңыздылығымен өзгешеленеді. Кейбір елдер ақпараттарды ұсыну және инвестициялау нәтижесін есептеудің негізгі ел ішіндегі қабылданған қағидаларды бекітсе, басқа елдерде инвестициялау нәтижелері туралы ақпаратты ұсынудың бірнеше стандарттары бар. Мұндай тәжірибе әртүрлі елдердегі фирмалардың инвестицилық қызметінің нәтижелерін салыстыруын шектеп, фирмалардың жаһандық нарыққа шығуына кедергі жасайды.
      Іске қосылған қаржылық институттар мен елдердің әртүрлілігімен, инвестициялау үрдісінің жаһандануы мен басқаруда тұрған активтердің экспоненциалды өсімімен байланысты инвестициялау нәтижесін ұсыну мен есептерді стандарттау қажеттілігі анық болды. Мұндай қажеттіліктің салдары сәйкес білімге ие мамандардың талап етілуі болып табылады.
      Сондықтан, «Қаржылық менеджмент (ілгері курс)» оқу пәнінің негізгі ерекшелігі тәжірибелі қаржы менеджерлерін даярлау саласында халықаралық стандарттарға бағдарлануы болып табылады.,
      Курстың басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болады:
      - «Корпоративтік қаржы», «Қаржылық менеджмент» пәндерінде жарық көрген сұрақтарды тереңірек және кең ауқымда зерттеу;
      - оқып-үйренген теориялық білімдерді тәжірибедде жүзеге асыру мүмкіндігі;
      - шекаралық қор нарықтарында қаржылық менеджмент үрдістері мен классикалық тәсілдерін қолдану кезінде қол жетімсіз ақпараттарды қалыптастыру;
      Тәжірибеде активтер қоржынын басқару сұрақтары қаржылылқ менеджердің матрицалық алгебра, көпөлшемді зерттеу әдістері және т.б. салалрындағы білім мен біліктілігін білдіреді. Активтердің үш және одан да көп түрлері үшін тиімді қоржын аймағына ие болу квадраттық бағдарламалау әдістері мен сәйкес оңтайландыру үрдістері бойынша білімінсіз мүмкін емес. Сонымен қоса, дискриминанттық талдаудың барлық қуатын Альтман әдісіне қосу (кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігі) қате болар еді. Қойылған міндеттерге сәйкес, заманауи бағдарламалық өнімдер курсының қамтамасыз етілуі бойынша талаптар өсуде.
      Пән жоғары оқу орынынан кейінгі білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес әзірленген және сондықтан «Қаржы» мамандығы бойынша оқытылатын кәсіби білім беру бағдарламасының басқа да пәндерімен дәйекті түрде қатынаста болады.
      Дәріс оқытушысы: э.ғ.к., аға оқытушы Аубакирова А.Т.
    • ПСИХОЛОГИЯ
      2 кредит/3 ECTS

      Жоғарғы оқу орнындағы оқыту аймағы білім беру жүйесіндегі мамандарды кәсіби даярлау барысында ерекше жауапты орынды алады. Білім беру мазмұны – экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды факторы ретінде тұлғаның өз бетінше дамуына жағдай туғызуға бағытталу қажет. Сонымен, білім беру жүйесінің барлық сатылары мен кезеңдеріндегі мақсаты – тұлғаның жан жақты дамуына жағдай жасау.
      Білім беру бағдарлары халықаралық деңгейде мойындалған білім алушының интеллектуалдық функциялары мен қабілетінің дамуы мен сұраныстарын, оның өзіндік ашылулары үшін мүмкініктермен қамтамасыз етеді.
      Дүние жүзіндегі білім беру шеңберіне кіру бағытында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, әсіресе педагогикалық психология теорися мен практикасында маңызды өзгерістер болып жатыр. Адамның танымдық іс-әрекетінің инновациялық тәсілдерін белсенді меңгеруді бағдарлау, оның жетекші білім берудің негізіндегі оқытуды жаңартуда іске асады. Соңдықтан, қазіргі психолоияда оқыту процесінің тиімділігі көтеруге, білім беру жүйесіндегі ғылыми негізделген және практикалық инновацияның іске асыруға үлкен мүмкіндіктері бар.
      «Психология» курсы барлық мамандықтарда оқитын магистранттарға және олардың психология аумағындағы оқыту мен тәрбиелеудегі рефлексиялық дамуына, психологиялық қорларды кәсіби іс-әрекетінің тиімділігін көтеру мақсатында қолдануға епті және терең меңгеру үшін арналған. Сол себепті, мамандардың психологиялық-педагогикалық дамуын жете білу үшін, жоғары білім беру жүйесінде қоғамның жаңа бағдарларын өрбіту бұл курстың өзектілігін анықтайды.
      «Психология» курсының мақсаты магистранттарға жоғарғы мектеп психологиясын оқытудың негіздері мен педагогикалық іс-әрекет аумағындағы психологиялық білімді қолдану жоспарында олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту.
      Пәнді оқыту міндеттері:
      жоғары мектепте білім беру процесінің психологиялык-педагогикалык мәнін ашу;
      «Психология» курсы аркылы магистранттарға жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік және педагогикалық психология негіздерін, теориялық концепциялары және эмпирикалық зерттеулері туралы толық мағлұмат беру;
      казіргі уақыттағы жоғары мектеп дамуы тенденцияларын қарастыру;
      магистранттардың психологиялық-педагогикалық ойларын дамытуға мүмкіндік беру:
      а) әрбір жеке адам ойларының тереңділігі мен қабылдауы кайталанбайтындығын, оның психикалык тұрпатына байланысты.
      б) адамға деген қатынасты жоғары құндылык ретінде дамыту. Бұл студенттердің басқа мақсаттарға жету үшін пайдалануынан сактайды.
      в) адам психикасының белсенді шығармашылық сипаттағы туралы ойларын қалыптастыру. Бұл психикаға тура араласуға оны өзгертуге болмайтындығын мойындауға көмектеседі. Дағды, іскерлік, білім, тұлға қырлары, қызығулары мен кұндылыктардың барлығы іс-әрекетте калыптасады және өзгереді.
      г) адам психикасының жаңа білім алуының кайнар көзі оның баска адамдармен қарым-қатынасы негізгі қозғаушы күші деп түсіну керек.
      «Психология» курсын оқыту нәтижесінің нәтижесінде магистрантгар мынандай негізгі біліктілікті (білім, іскерлік, дағды) меңгерулері кажет.
      Білуге тиіс:
      - педагогикалык іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялык табиғаты туралы;
      - танымдық іс-әрекетке кіретін психикалык қасиеттер мен процестер туралы;
      - психологиялық-педагогикалық әсер ету спецификасы мен мазмұны туралы;
      - студент тұлғасына әсер ету объектілерінің индивидуалды ерекшеліктері туралы.
      Іскерлік:
      - жоғары оқу орны оқыту процесінде қазіргі окыту әдістері мен кұрал- жабдықтарын тиімді колдана алу;
      - сабакты өткізуге және оған дайындалуға кажетті психологиялық- әдістемелік қорларды пайдалана алу (лекция, семинарлар, СОӨЖ және емтихан);
      - студент тұлғасы және студенттік топтарға зерттеу жүргізудің адекватты психодиагностикалық әдістерін колдана алу.
      Практикалық дағдыларды иелену:
      - кәсіби іс-әрекет аймағындағы коммуникация орнату әртүрлі аспектілер бойынша оқыту процесін баскару;
      - кәсіби рефлексия процесі және іс-әрекет нәтижелері;
      - психологиялық әсер ете алудың негізгі тәсілдерін меңгеру;
      - тиімді кәсіби қарым-қатынас.
      «Психология» курсының мәні тұлғаның кәсіби-бағдарланған шығармашылық потенциялының өсуімен және қалыптасуымен анықталады.
      Магистратура түлектері келесі кәсіби іс-әрекет түрлерін аткара алады: оқу- тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, диагностикалык, түзету және мәдени-ағартушыльқ.
      «Психология» курсы магистранттардың философия, әлеуметтік психология, педагогикалық психология жэне т.б. пәндер бойынша алған білімдеріне негізделеді.
      «Психология» курсы «Жалпы психология», «Жоғарғы мектеп педагогикасы» және баска да психологиялык пәндермен өзара байланысты.
      «Психология» пәнінің бағдарламасы 6М050300-Психология мамандығы бойынша білім берудегі мемлекеттік жалпы міндетті стандартка сәйкес дайындалды.
      Лектордың аты-жөні: п.ғ.к., доцент С.К. Кенжебаева

    • МЕНЕДЖМЕНТ
      1 кредит/2 ECTS

      Қазақстанның жаһандық экономикаға және жаһандық нарыққа кіруі,
      қалыптасқан жаңа халықаралық еңбек бөлінісі, ұлттык экономиканың алдағы
      жаңғыруы елдегі бәсекелік қабілетті және табиғи капиталды дамыту мен тиімді
      пайлдалануды қажет етеді. Осы саладағы ел алдында тұрған проблемалардың
      шешімі әр-түрлі деңгейдегі күрделі жүйелерді басқаруға және ел экономикасының
      әртүрлі салаларын басқаруға бағытталған университеттік білімге негізделген
      менеджерлердің кәсіби бөлігіне байланысты.
      «Менеджмент» пәні күрделі және өзгермелі ортада қызмет ететін заманауи
      ұйымды тиімді баскарудың әдістері мен кағидасын және әдістемесін қарастырады.
      «Менеджмент» пәнін оку магистранттарға тәжірибелік қызмет ету саласында
      басқару шешімдерін қабылдауға, баскарушылық қызмет дағдысын дамытуға және
      ғылыми ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
      Осы бағдарламада менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері, менеджменттің мақсаты мен функциялары, әдістері, мазмұны логикалық жалғасымдылықпен қарастырылады. Менеджмент, нарықтық экономикада
      субъектілердің ерекше шаруашылык жүргізуін және кәсіпкерлік сипаттағы
      экономикалық қатынастар жүйесін, нарыктык конъюнктураға нақты әсер ететін
      бәсекелік күрестің шарттарын басқаруы ретінде қарастырылады.
      Магистранттар бұл пәнді түсіну үшін келесі пәндердің мазмұнын білу
      керек: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Статистика», «Экономикадағы математикалық әдістер», «Маркетинг», «Халыкаралык экономикалық қатнастар және халыкаралык экономика».
      Лектордың аты-жөні: э.ғ.к., доцент А.Т. Абдикаримова.

    • МЕНЕДЖМЕНТ
      1 кредит/2 ECTS

      Қазақстанның жаһандық экономикаға және жаһандық нарыққа кіруі,
      қалыптасқан жаңа халықаралық еңбек бөлінісі, ұлттык экономиканың алдағы
      жаңғыруы елдегі бәсекелік қабілетті және табиғи капиталды дамыту мен тиімді
      пайлдалануды қажет етеді. Осы саладағы ел алдында тұрған проблемалардың
      шешімі әр-түрлі деңгейдегі күрделі жүйелерді басқаруға және ел экономикасының
      әртүрлі салаларын басқаруға бағытталған университеттік білімге негізделген
      менеджерлердің кәсіби бөлігіне байланысты.
      «Менеджмент» пәні күрделі және өзгермелі ортада қызмет ететін заманауи
      ұйымды тиімді баскарудың әдістері мен кағидасын және әдістемесін қарастырады.
      «Менеджмент» пәнін оку магистранттарға тәжірибелік қызмет ету саласында
      басқару шешімдерін қабылдауға, баскарушылық қызмет дағдысын дамытуға және
      ғылыми ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
      Осы бағдарламада менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері, менеджменттің мақсаты мен функциялары, әдістері, мазмұны логикалық жалғасымдылықпен қарастырылады. Менеджмент, нарықтық экономикада
      субъектілердің ерекше шаруашылык жүргізуін және кәсіпкерлік сипаттағы
      экономикалық қатынастар жүйесін, нарыктык конъюнктураға нақты әсер ететін
      бәсекелік күрестің шарттарын басқаруы ретінде қарастырылады.
      Магистранттар бұл пәнді түсіну үшін келесі пәндердің мазмұнын білу
      керек: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Статистика», «Экономикадағы математикалық әдістер», «Маркетинг», «Халыкаралык экономикалық қатнастар және халыкаралык экономика».
      Лектордың аты-жөні: э.ғ.к., доцент А.Т. Абдикаримова.

  • Пән атауы Қаржылық математика 3 кредит/5 ECTS
    • Пререквизиттер: Экономикадағы математика, Қаржы.
      Постреквизиттер: Магистрлік жоба
      Мақсаты: математикалық аппаратты қолдану арқылы, қаржылық талдаудың сандық бағыты негізімен танысу.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Қаржылық операциялардың қисыны. Қарапайым пайыздар. Қарапайым пайыздық мөлшерлеме. Қарапайым пайыздар бойынша дисконттау. Күрделі пайыздар. Күрделі пайыздар бойынша дисконттау. Күрделі ұздіксіз пайыздар. Ағымдар. Ағымдардың түрлері. Тұрақты аннуитеттер. Ауыспалы және үздіксіз аннуитеттер. Бағалы қағаздардың түрлері. Облигациялардың табыстылығы. Акциялардың табыстылығы және олармен операциялар. Қаржылық тәуекелдер. Бағалы қағаздар қоржынының табыстылығы мен тәуекелділігі. Бағалы қағаздар қоржынының құрылымын оңтайландыру.
      Күтілетін нәтижелер: қаржылық есептеулерге қажетті математикалық аппаратты білуді көрсету; кәсіпқой-қолданбалы есептерді шешу мақсатымен математикалық есептеулерді орындау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру; таңдалған мамандық саласында жас маманның белсенді ғылыми позициясын өндіру мақсатында математикалық негізді қалыптастыру; дәрежесі бірдей және кең ғылыми қоғаммен ғылыми-тәжірибелі тәжірбемен алмасу үшін алынған білімді қолдана білу; өзін-өзі жақсарту және білім берудің жеке бағыттары мен әдістерін жасау мақсатында қажетті математикалық аппаратты қолдана отырып, қазіргі заманғы экономикадағы жаңа идеяларды сынмен талдай және бағалай білу.
      Дәріскердің Т.А.Ә.: э.ғ.к., доцент Айтенова М.С.
  • Пәннің атауы: Макро және микроденгейде математикалық моделдеу 3 кредит/5 ECTS
    • Пререквизиттер: Экономикадағы математика. Информатика, Микроэкономика, Қаржы.
      Постреквизиттер: Магистрлік жоба
      Мақсаты: экономикалық тәуекелдердің бағалау дәрежесінің математикалық әдістерін пайдалануды үйрену, салалық және өңірлік тәуекелдерді басқару.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық тәуекелдің мәні. Бағалау тәуекелінің математикалық моделі мен әдістері. Айқындылық жағдайындағы бағалау тәуекелінің абсолюттік көрсеткіштері. Айқындылық жағдайында бағалау тәуекелінің салыстырмалы көрсеткіші. Ішінара белгісіздік жағдайында тәуекелдің ықтималдық көрсеткіштері. Тәуекел дәрежесін бағалаудың статистикалық әдісі. Белгісіздік жағдайында тәуекел дәрежесін бағалау. Парето оңтайлылық қағидаты негізінде қаржылық операциялардың табыстылығын және тәуекелін талдау. Тәуекелдің сараптамалық бағалау әдістері. Сарапшылардың келісімділік пікірін бағалау. Жобаның тәуекелге бейімділігінің спецификалық көрсеткіштері. Инвестиция тәуекелінің дәрежесін бағалаудың аналитикалық әдісі. Шарптың капитал активтерін нарықтық бағалау моделі. Оқиғалар ағашын құру әдісімен оңтайлы жоспар таңдау. Тәуекел жағдайында инвестициялық жобаларды басқару.
      Күтілетін нәтижелер: Тәуекелдерді басқару аясында құзыреттілікке ие болу; сәйкестендірумен байланысты дағдылар, тәуекелдерді талдау және шешім қабылдау, тәуекелді оқиғалардын басталуын барынша оң салдарына арттыруға бағытталған және теріс салдарын барынша азайтуға бағытталған; тәуекелдік жағдайды болжаумен, анықтауға рұқсат етілген шегінен тәуекел, таңдау ең қалаған нұсқа бойынша іс-қимыл қатерді басқару.
      Дәріс оқытушысының ТАӘ: э.ғ.к., доцент Емелина Н.К.
  • Пәннің атауы Стратегиялық банктік менеджмент 2 кредит/3 ECTS
    • Пререквезиты: Банк ісі, Менеджмент
      Постреквизиттер: Магистрлік жоба
      Мақсаты: қаржылық жаһандану жағдайында банкті басқару ерекшеліктері мен қажеттіліктерін меңгеру.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Активті және пассивті операцияларды басқару стратегиясы. Банктің адам капиталымен басқару стратегиясы. Клиентпен өзара қарым-қатынасьты басқару стратегиясы. Нарықтың түрлі сигменттеріндегі банктің жағдайы және бәсекелес ортасын талдау. Банктердегі басқару маркетингі. Баға белгілеу және банктің қызметтерінің өзіндік құнын басқару стратегиясы. Банк имеджін құру және брендті басқару стратегиясы. Банктік инновация менеджменті. Тұрақты бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру бойынша стратегияларын әзірлеу.
      Күтілетін нәтижелер: Аталған пәнді оқу барысында магистрант коммерциялық банкті басқарудың заманауи стратегиялары мен әдістерін меңгеру керек.
      Дәріс оқытушысының ТАӘ: э.ғ.д., профессор Талимова Л.А.
  • Пән атауы: Инвестициялық жобаларды қаржыландыру 2 кредит/3 ECTS
    • Пререквизиты: «Экономикалық тәуекелдерді бағалау және басқарудың математикалық әдістері», «Қаржы менеджменті (ілгері курс)», «Қаржы тәуекелдерін бағалау», «Қаржы мониторингі (ілгері курс)»
      Постреквизиттер: Магистрлік жоба
      Мақсаты: инвестициялық жобаларды қаржыландыру және ұйымдастыру, олардың нәтижелілігі мен ұйымдастыркмен байланысты мүмкін тәуекелдерін бағалау саласында магистранттардың теориялық және тәжірибелік дайындығын қамтамасыз ету.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Курс жобаларды қаржыландырудың негізгі қағидаларын, құралдарын, ұйымдастыру формаларын меңгеруге; жобаларды қаржыландыру көздері, тәуекелдері мен оларды басқару; жобаның қаржылық моделін дайындау және қаржылық есептеулерді орындаудағы тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
      Күтілетін нәтиже: инвестицияларды қаржыландырудың теориялық негіздері саласында жаңа білім алу, инвестициялық жобаны қаржыландыруға қажетті құжаттар дайындауды үйрену, жобаның құрылымы мен оны іске асыру бойынша ұсыныстарды жасау.
      Дәріскердің Т.А.Ә.: э.ғ.к., аға оқытушы Аубакирова А.Т.
  • Пән атауы: Қаржылық тәуекелдерді басқару 3 кредит/5 ECTS
    • Пререквизиттер: «Қаржы», «Қаржы менеджменті», «Корпоративті қаржы», «Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау».
      Постреквизиттер: магистерлік жоба
      Мақсаты: кәсіпорындардағы тәуекелді менеджмент саласында теориялық және тәжірибелік білімді қалыптастыру және тәуекелді жағдайларда басқару шешімдерін қабылдау технологиялары мен оларды бағалаудың әдістемелік негіздерін ашу.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: бұл пән кәсіпорынның жүйелі және жүйелі емес қаржылық тәуекелдерін зерттеудің қазіргі заманғы әдістерімен, оларды жою тетіктерімен таныстырады, фирма (ұйымның) операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің түрлі аспектілерінде қаржылық шешімдерді қабылдауға ерекше назар аударылады.
      Күтілетін нәтижелер: бұл пәнді оқу магистранттарға қаржы жүйесінде қазіргі заманғы үдерістер мен өзгерістерді ескере отырып, қаржылық тәуекелдерді басқару өнерінде өз білімдерін шыңдауға , сонымен қатар, қаржылық тәуекелдерді басқару саласында белгілі бір шешімнің тиімділігін бағалайын, негізгі тәжірибелік тәсілдерді, әдістер мен өлшемдерін зерттеуге мүмкіндік береді.
      Дәріскердің Т.А.Ә.: э.ғ.к., доцент Улаков Н.С.
  • Пән атауы: Халықаралық банктік келісімдер 3 кредит/5 ECTS
    • Пререквизиттер: «Коммерциялық банктердің қаржылық талдауы», «Банк ісі», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық нарықтар мен делдалдар»
      Постреквизиттер: магистерлік жоба
      Мақсаты: Студенттерді халықаралық банктік келісімдердің қызмет ету саласымен таныстыру және біліммен қамтамассыз ету, өйткені осы білімді игермей қазіргі кездегі экономика аясында сонымен қатар әлемдік қаржы нарығының функцианалдық талаптарды талдау және кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерімен нәтижелі шешім қабылдау мүмкін емес.
      Курстың қысқа сипаттамасы: Дәріске халықаралық банктік келісімдерді енгізу. Халықаралық банктік операцияларды жүзеге асырғандағы банкаралық қатынастардың ерекшеліктері. Банктердік корреспонденттік қарым-қатынас. Халықаралық банкттік ассоциациялар. Халықаралық төлем жүйесі. Банкаралық байланыс құралдары. Банкттердің клирингтік жүйесі. Коммерциялық мекемелерге арналған халықаралық банктін операциялар. Жеке тұлғаларға арналған халықаралық банктік операциялар. Private Banking жүйесіндегі халықаралық банктік операциялар.
      Болжамды қорытынды:
      - халықаралық банкттер келісімдердің қалыптастырудың заңдылық негіздерін талдау, теориялық білімді кәсіби салада қолдануды білу;
      - қаржылық нарық қатысушылардың талдау саласында қызметін жүзеге асыруды білу;
      - қазіргі таңда әлемдік қаржылық операцияларды талдауды білу;
      - бағалы қағаздардың портфельдер типтерінің саласына салыстырмалы-сараптамалық талдауды жүргізу икемділігінің болуы;
      - пәндік тапсырмаларды орындау кезінде сараптамалық және ақпараттық-іздестіру әдістерін қолдану;
      - алғанд білімді талдау және жүйелеу, тыңдаушылардың ерекшеліктерін ескере отырып ақпараттарды әр түрлі үлгіде ұсыну, докладпен, ғылыми рефераттармен сөз сөйлеу, талқылауды жүргізуді білу.
      - өздігінше жұмыс істеу икемділігін арттыру, істелген жұмыстың сапасын арттыруға талпыну, өз білімінін өзара әрекетестігін ұйымдастыру және оларды бірыңғайлау, өзінің қызмет саласының перспективаларын көру..
      Лектордың аты-жөні: Доктор PhD А.А. Омарова
  • Пән атауы: Қаржылық мониторинг (ілгері курс) 2 кредит/3 ECTS
    • Пререквизиты: «Қаржы», «Қаржы нарықтары мен делдалдары», «Қаржылық бақылау».
      Постреквизиттер: магистерлік жоба
      Мақсаты: «Қаржылық мониторинг» пәнін оқытудың мақсаты - қылмыстық жолмен алынған табыстарды рәсімдеуге (ізін жасыруға) және Қазақстан Республикасы мен шетелде терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекетті жүзеге асыру саласында қоғамдық қарым-қатынастарды қаржылық және құқықтық зерттеу болып табылады.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Қаржылық мониторинг қаржылық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесінің буыны болып табылады, оны ұйымдастыру нәтижесінде экономика субъектілерінің берілген қаржылық параметрлер мен нормативтерден ауытқуды анықтауға, ауымқуларды жою бойынша ескертулерді жасауға, және олардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.
      Күтілетін нәтижелер: Магистранттар пәнді оқу кезінде қаржы қызметін жүзеге асыру барысында қылмыстық жолмен алынған табыстарды рәсімдеуге және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет жүйесін реттейтін заңнама нормаларын қолдана білу қажет; қаржылық махинациялар түрлерін талдау, қаржылық мониторингте қолданылатын құжаттар жобаларын жасау; ел ішінде және шетелде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін пайдалана білу.
      Дәріскердің Т.А.Ә.: э.ғ.к., доцент Аубакирова А.Т.
  • Пән атауы Қаржы нарықтарын модельдеу және техникалық талдау 2 кредит/3 ECTS
    • Пререквезиттер: Жоғары математика, Экономисттерге арналған математика.
      Постреквизиттер: магистерлік жоба
      Мақсаты: Коммерциялық есептеулерде қаржылық математика әдістерін қолдануды үйрету.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: Қаржы нарығының сипаттамасы және оны модельдеу, қаржы нарығын техникалық талдау әдістері, қаржы-экономикалық байланыстардың өзара байланысын модельдеу.
      Күтілетін нәтижелер: қаржы нарығының түрлі көрсеткіштерін қаржылық есептеу, математикалық, оның ішінде имитациялық, модельдеу мен болжаудың қазіргі заманғы әдістемесін, сонымен қатар техникалық талдау, оңтайлы портфель теориясы мен қаржылық тәуекелдер мәселелерін білу.
      Дәріскердің Т.А.Ә.: э.ғ.к., доцент Емелина Н.К.
  • Пән атауы: ЕАЭО елдерінің салық жүйелері 2 кредит/3 ECTS
    • ППререквизиттер: Макроэкономика, Қаржы, Салық және салық салу, Шаруашылық субъектілері мен халыққа салық салу, Мемлекеттік бюджет.
      Постреквизиттер: магистерлік жоба
      Мақсаты: ЕАЭО елдерінде салық салу саласында
      Курстың қысқаша сипаттамасы: салық жүйелерін құру және дамыту саласында теориялық және тәжірибелік білімді қалыптастыру, ЕАЭО елдеріндегі интеграцялық процесстердің орын алуы аясында салық жүйелерінің қызмет ету тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздерін ашу. Бұл курс салық жүйелерінің құрылу және даму ерекшеліктерімен таныстырып, мұнда заңды және жеке тұлғалардан алынатын бюджетті қалыптастыратын және жергілікті салықтар даралап қаралады. Арнайы салық режимдері, әр елдің ерекшелігін ескере салықтық заңнаманы бұзғаныдғы үшін жауапкершілік сипатталады.
      Күтілетін нәтиже: салық және салық салудың теориялық негіздемесі саласында жаңа білім алу, сонымен қатар, ЕАЭО елдері салық жүйелерінің ерекшеліктерін ескере, салық салу саласында белгілі бір басқару шешімдерінің әсерін бағалайтын негізгі әдіс, тәсіл мен өлшемдерін ұғыну.
      Дәріскердің Т.А.Ә.: э.ғ.к., доцент Улаков Н.С.
  • Пән атауы: Салықтық әкімшілдендіру 2 кредит/3 ECTS
    • Пререквизиттер: Макроэкономика, Қаржы Салық және салық салу, Шаруашылық субъектілері мен халыққа салық салу, Мемлекеттік бюджет.
      Постреквизиттер: магистерлік жоба
      Мақсаты: Салықтық басқару саласында теориялық және тәжірибелік білім алу.
      Курстың қысқаша сипаттамасы: магистранттарда салықтық басқару саласында, бюджетке салықтарды (төлемдерді) толық және уақытылы төлеуді қамтамасыз ететін салық органдарының қызметі туралы білімді қалыптастыру. Бұл курс салықтық заңнаманың ерекшеліктерімен, соның ішенде салықтар мен төлемдерді уақытылы төлеуді бақылаумен таныстырады; салықтық тексерулерді жүргізудің тәртібі мен салықтық төлемдерді төлеу міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің негізгі әдістері туралы түсінік береді. Мемлекеттің қаржылық қызметін қамтамасыз ету саласында салықтық, кедендік және мемлекеттік қызмет органдарының өзара ісқимылының негізгі бағыттары зерттеледі.
      Күтілетін нәтиже: салықтық басқарудың теориялық негіздері саласында тәжірибелік жаңа білім қалыптастырылады, сонымен қатар, бастапқы есеп құжаттарын тексерудің, салықтық тексеріс жүргізудің, салықтар мен төлемдер бойынша берешекті қайтарудың негізгі тәжірибелік әдістері меңгеріледі.
      Дәріскердің Т.А.Ә.: э.ғ.к., доцент Улаков Н.С.
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus

Байланыстар

Бас ғимарат

100009, Қарағанды, Академическая көш, 9

Телефон: +7 7212 441592
Факс: +7 7212 303171
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Call-center: +7 7212 50-21-24
Телефон автоқоңырақ шалуда 44-16-24, 44-16-34, 44-15-68

Жетілдірілген

Қабылдау комиссиясы

100009, Қарағанды, Академическая көш, 9
106 каб

Телефон: +7 7212 44-16-24 вн.6505, 44-15-72
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Карта