«Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері»

«Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері»2016 жылдың 22 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында «Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері» тақырыбында студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
ҚҚЭУ бастамасы бойынша ұйымдастырылған ғылыми форум, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдығына орай іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаттарының аясында өткізілді.
Жалпы конференцияға 500-ден астам ғылыми мақала келіп түсті, оның ішінде 60-қа жуығы таяу шетел ЖОО-нан келіп түскен, барлық жұмыстар конференция материалдар жинағында басылып шықты.
Конференция қонақтары мен қатысушыларға алғы сөзбен ҚҚЭУ Ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор Улыбышев Дмитрий Николаевич сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста келесідей баяндамалар оқылды Баланеску Е. «Состояние и перспективы развития логистической отрасли в Республике Казахстан», Жорабек А.Н. «Шахта метанын газсыздандыру және пайдалану арқылы тұрғындарды электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету», Кәрімхан Әсем «Мемлекеттің әлеуметтік даму кезеңіндегі жастардың девианттық мінез-құлық көріністері», Оразбековой Айгерим «Attempts of Kazakstan to create the competitive society by means of trinity of languages» және басқа да студенттер.
Конференция жұмысы 21 секция аясында жалғасты.
Конференцияның жабылу салтанаты барысынд жұмыс нәтижелері қорытындыланып жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

 

«Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері» «Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері» «Қазіргі қоғам болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржылық-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus