Жатақхана

Университетте 770 адамға арналған 4 жатақхана жұмыс істейді. Қазіргі кезде осы жатақханаларда 609 студент пен магистрант тұрады.
Жатақхана ғимараттары жарық иллюминациясымен жабдықталған. Жатақханалар орталықтандырылған су құбырын, су қашыртқы (канализация), жылытқыш пен электр жабдықтауға ие. Тұрғын бөлмелері 2-6 адамға арналған. Бөлмелер жаңа заман жиһазымен қамтамасыз етілген. Әрбір қабатта барлық қажетті материалдармен жабдықталған асханалар бар. Санитарлық-техникалық қалпы әрдайым жақсаруда.
Жатақхана өте жақсы дамыған инфрақұрылымымен ерекшеленеді: онда өткізгішсіз интернет, конференц-зал, мультимедиялық кабинеттер, дүкен, жаңа медициналық жабдықтар, денсаулық сақтау пунктісі және жеке блокта орналасқан кір жуатын орын бар.
ҚЭУ жатақханалары Студенттік Кеңесі әкімшілік пен ЖІК-ға жатақханаларда тұратын студенттерді тәрбиелеу, жаппай-мәдени, санитарлық-гигиеналық жұмыс пен баспаналық-тұрмыстық жағдайларды ұйымдастыруға көмектесу мақсатымен құрылған.
Ай сайын полицияға көмектесуді көздейтін студенттік жасақтардың күштерімен, жатақханалар мен университет маңы територрияларын қадағалау бойынша жорықтар (рейдтер) жасалынып отырады.