2016 жылдың мамандықтары

Есеп - қаржы факультеті


Құрметті талапкерлер!

Кешегі талапкерлер университетке түсіп, жаңа «студент» статусын иеленеді. Университеттегідей, біздің факультетімізде де студенттердің жаңа ортаға бейімделуі үшін барлық шаралар жасалынады. Декандар мен бірінші курс кураторлары студенттерде пайда болған барлық сұрақтарға кез келген уақытта жауап беруге дайын. Студенттің оқуына оң әсер тигізу мақсатында, ең бастысы – оның оқуға ынтасын қанағаттандыру үшін, біз әрбіріне жеке көңіл бөлеміз. Деканат студенттердің ата-аналарымен әрқашан байланыс орнатып отырады, оларды балаларының табыстары мен жетістіктері жөнінде хабарлайды.
Бірінші оқу жылының ерекшелігі – студенттердің жалпы гуманитарлық пәндерді меңгеруінде. Бұл гуманитарлық көзқарасын қалыптастыру және, соның негізінде, кәсіби сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді.
Бірінші курста ең бастысы – студентті оқу мен өз уақытын үнемді пайдалануға үйрету. Білім алуда басты рөл профессорлық-оқытушылық құрам болып табылады, өйткені студентке білім беретін де, көптеген бағыттар ішінен маңыздысын табуға көмектесетін де оқытушылар.
Оқудан тыс студенттер одан да белсенді өмір сүреді. Біздің факультет студенттері көптеген іс-шаралар мен спорт ойындарына белсенді қатысады.

 

Құрметпен, Есеп-қаржы факультетінің деканы
Накипова Гульмира Ермековна, э.ғ.д., профессор
Бйланыс телефоны: 8(7212)441629
Есеп-қаржы факультеті декан орынбасары Кернебаев Айдын Сапарович
Есеп-қаржы факультеті декан орынбасары Мусипова Лейла Комаровна
Байланыс телефоны: 8 (7212) 44-16-29 ішкі163
 

Факультет мамандықтары:

5В050800 Есеп және аудит 

5В050900 Қаржы

5В090900 Логистика (по отраслям)

5В051100 Маркетинг

 


Экономика және басқару факультеті


Құрметті талапкерлер!


Өз атымнан сонымен бірге экономика және басқару факультетінің барлық оқытушылары мен қызметкерлері атынан сіздерді Қарағанды экономикалық университетіне қош келдіңіздер деп құттықтауға рұқсат етіңіздер! Әрбіреуіңіз қай жерге оқуға түсү және өз болашағымды қай мамандықпен байланыстыру секілді өте жауапты таңдаулар алдында тұрсыздар. Қабылданған шемідеріңіз ойланған және сараланған болуы тиіс. Оқу барысы қызықты да танымды болуы қажет, сонымен бірге болашақ кәсібіңіз қанағаттанарлы және жемісті мансап, лайықты еңбекақы жоғарғы әлеуметтік мәртебе мен қоғамда белгілі бір бедел алып келуі тиіс.
Факультет табалдырығын аттап өткеннен кейін, Сіздер білім мен шығармашылық басшылық ететін ерекше өмірге түскеніңізді дереу сезінесіздер. Біздің факультетте оқудың ерекшелігі тек білім алуда ғана емес, сонымен қатар өзіңізді жаңадан тану, өзіндік даму болып саналады.
Экономика және басқару факультеті Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкесті кәсіби маманданған қызметкерлерді дайындайды. Экономикалық білімді студенттер бес мамандық бойынша меңгереді: экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, дүниежүзілік экономика, халықаралық қатынастар.
Қарағанды экономикалық университетінде студенттерді тиімді қолдау және ынталандыру жүйесі жұмыс істейді.
Экономика және басқару факультетіне түсіп, сіздер халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатыса аласыздар. Факультет бірнеше жетекші ресейлік және батыс еуропалық университеттерімен қарым- қатынастар орнатып, бағдарламаларды жүзеге асырады.
Біз сіздермен ХХI ғасырда өмір сүреміз. Бұл ғасыр жаһандандыру ғасыры, мұнда экономистерге қойылатын барлық талаптар әмбебап болып табылады.
Сіздердің аттарыңыз біздің беделді түлектеріміз тізімінде ерекше орынға ие болатынында менің күмәнім жоқ. Ол, әрине, сіздердің бұл өмірде белгілі бір жетістіктерге жету мақсатыңыз бен өз парасатыңыз және шығармашылық қабілеттеріңізді дамыу нәтижесінде ғана мүкін болады. Ең бастысы, бұл өмірдегі көптеген заттар сіздерден, сіздің ықыластарыңыз, оптимизм, мақсаттылық пен бірізділігіңізге байланысты екенін түсіну.

 
Біздің командамызға қош келдіңіздер!

Құрметпен, Экономика және басқару факультетінің деканы
Гимранова Галия Ильясовна, э.ғ.д., профессор
Байланыс телефоны: 8(7212)441619

 

ЭБФ оқу-әдістемелік сұрақтар жөніндегі декан орынбасары
Юртаева Татьяна Михайловна
ЭБФ тәрбие жөніндегі декан орынбасары
Юсупов Мухамеджан Турсумбаевич
Байланыс телефондары: 8 (7212) 44-16-19 ішкі 192

 


Факультет мамандықтары:

5В050600 Экономика

5В050700 Менеджмент

5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В020200 Халықаралық қатынастар

5В051300 Дүниеджүзілік экономика

 


Бизнес және құқық факультеті


Құрметті талапкер!


Еш ұмытылмайтын жылдар бізді біріктіреді, рух пен көңіл-күйімізді, мақсаттар мен болжамдарымызды анықтайды, біздің өткеніміз, қазіргі кез бен болашағымызды көрсетеді, біздің өмірбақи жадымызда қалады.
Күмәнсіз, бұл жылдар - студенттік жылдар. Бұл тек қана әрбір адамның өміріндегі ең жақсы уақыт қана емес, сонымен бірге жанның ерекше ахуалы. Бұл үміттердің, ашылулардың, мақтанарлық жоспарлардың кезі. Талапкер, мен сені осы ең күшті жылдарды біздің Университетте өткізуге шақырамын. Бірақ, бірінші қадамды жасағаннан кейін, екінші қадамды да жасау қажет қой – бұл мамандықты таңдау, яғни факультетті таңдау. Басқа факультеттердің жетістіктерін түсірмей, мен сені Бизнес және құқық факультетінде көруге қунышты боламын. Сенің алдыңда мамандық таңдау секілді сұрақ тұр. Әрине, мамандық сенің көңілінен шығуы маңызды, сонымен бірге оның біздің аудан мен республикамызда қажеттілігі жоғары болуы да аз емес. Сенде біздің факультетімізде шынымен қажетті және қызықты мамандықты таңдау мүмкіндігің бар! Біздің қадірменді ректорымыз айтуы бойынша, студент – біздің өміріміз барометрі. Мен екі қолыммен де ИӘ деймін! Өте ақылды адам, дәлірек айтсақ, Константин Станиславский: «Сіздердің кішігірім болса да білім алмаған әрбір күніңізді...сіз үшін жеміссіз және қайтарымсыз кеткен күн деп санай беріңіз» деп айтқан.

Біздің университетімізде сенде жеміссіз өткен күндерің болмайды.
Көріскенше!

Құрметпен, Бизнес және құқық факультетінің деканы
Момышева Фархия Сауытбековна, з.қ.к., профессор
Байланыс телефоны: 8(7212)441558

Бизнес және құқық факультетінің декан орынбасары
Кенжебаева Сания Кузаировна
Байланыс телефоны:8 (7212 )44-16-25 ішкі 121

 


Факультет мамандықтары:

5В090200 Туризм

5В090200 Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі

5В011500 Экономика мен құқық негіздері

5В030100 Құқықтану

5В030400 Кеден ісі

5В090500 Әлеуметтік жұмыс

5В090800 Бағалау 

 


Ақпараттық техникалық факультет мамандықтары:

5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

5В073200 Стандарттау, метрология және сертификаттау

5В050608 Экология

5В070400 Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету

5В070300 Ақпараттық жүйелер