Қабылдау ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Қазтұтынуодағы    Қарағанды    экономикалық    университетіне жалпы орта (орта жалпы), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

Білім беру гранттары Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей басқа мемлекет азаматтары болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының  және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.

Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар университетке Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес  қабылданады.

2. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне студенттер қабылдау ҚР білім және ғылым Министрінің 2007 жылдың 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген, ҚР Әділет Министрлігінде 2010 жылдың 01 ақпанында №6023 және 2010 жылдың 21 қантарында №14 болып тіркелген, жоғары білім беру кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне және соның негізінде әзірленген осы ережелерге сәйкес өткізіледі.

3. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде   студенттер   контингентін   қалыптастыру,   бюджеттік қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру (білім беру гранттары), сондай-ақ азаматтардың өз қаражатымен өзге көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

4. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне азаматтарды қабылдау ұлттық бірыңғай  тестілеудің (ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім беру және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес азаматтардың өтініші бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Университет студенттері қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажет балдардың ең төменгі деңгейі 50 балл құрайды, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 балдан кем емес, қалған пәндер бойынша – 4 балдан кем емес.

5. ҰБТ ағымдағы жылдың жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері үшін өткізіледі.

6. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері; бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) түлектері; ҰБТ-ға қатыспаған, шетелдерде мектеп оқушылармен халықаралық алмасу бағыты

бойынша оқыған, жалпы білім беретін мектептердің түлектері; өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері; республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектері, сондай-ақ шетелде оқу орындарын аяқтаған азаматтар үшін өткізіледі.

7. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән бойынша өткізіледі:

қазақ немесе орыс тілінен (оқыту тілі);

Қазақстан тарихы;

математика;

таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі.

ҚҚЭУ-ге түсетіндер,

- 5В030100 «Юриспруденция», 5В0304400 «Кеден ісі» мамандықтарына – дүниежүзі тарихынан;

- 5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»; 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарына – физикадан;

- 5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығына – химиядан;

- 5В050600 «Экономика», 5В051300 «Әлемдік экономика», 5В050700 «Менеджмент», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы», 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В051100 «Маркетинг», 5В090200 «Туризм», 5В091200 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс», 5В090800 «Бағалау» мамандықтарына – географиядан;

5В020200 «Халықаралық қатынастар» мамандығына – шет тілінен тапсырады.

8. Әрбір пән бойынша тестілік тапсырмалардың саны - 25. Әрбір тестілік тапсырмаға дұрыс жауап бір балмен бағаланады. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

9. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген азаматтың аппеляцияға өтініш беруге құқы бар. Әрбір базалық ЖОО-да аппеляциялық комиссия құрылады. Тестілік тапсырмалардың мазмұны бойынша даулы сұрақтарды республикалық апелляция комиссиясы қарайды.

10. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы 2010 жылдың 20 маусымнан 9 шілдеге дейін жүргізеді. Кешенді тестілеу 2010 жылдың шілденің 17-нен 23-не дейін өткізіледі.

11. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азаматтар университеттің қабылдау комиссиясына:

-белгіленген үлгідегі бланкіде жазылған өтінішті;

-аттестатты немесе бастауыш кәсіптік (техникалық және кәсіптік) немесе орта кәсіптік  (орта білімнен кейінгі) оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды (түпнұсқасын);

-тестілеу өткізу ақысын төлегені туралы түбіртекті;

-3x4 көлемдегі екі фотосуретті;

-086-У үлгідегі медициналық анықтаманы;

-жеке басын куәландыратын кұжаттың көшірмесін тапсырады.

12. Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініш шілденің 23-нен 31-не дейін қабылданады.

13. Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін азамат университеттің қабылдау комиссиясына:

-белгіленген үлгідегі бланкіде жазылған өтінішті;

-білімі туралы құжатты (түпнұсқасын);

-ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын;

-3x4 көлемдегі екі фотосуретті;

-086-У үлгідегі медициналық анықтаманы;

-жеке басын куәландыратын кұжаттың көшірмесін тапсырады.

Білім беру грантын алуға қатысу үшін азаматтар өтініштерінде өздері таңдаған мамандық пен ЖОО-ны көрсетеді. Таңдаған пәні сәйкес келген кезде азамат төрт мамандықты көрсете алады.

14. Білім беру гранттарын алу басым құқына ие азамат, университеттің қабылдау комиссиясына аталған құқын растайтын құжатты тапсырады.

Шет тілде тапсырылатын құжаттардың, нотариатпен расталған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы  құжаттар, белгіленген тәртіпте нострификатталған болуы тиіс.

Бірінші және екінші топтағы мүгедек тұлғалар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер таңдаған мамандық бойынша оқу үшін қарсы дәлелінің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын табыс етеді.

15. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарының балдары бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; І және ІІ топтағы мүгедектер; жеңілдектер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар; бала кезден мүгедектер; медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы дәлелі жоқ мүгедек балалар; үздік білімі туралы (аттестат, куәлік, диплом) құжаттары бар азаматтар; содан кейін аттестаттың немесе дипломның орташа балы неғұрлым жоғарылар білім беру гранттарын алуда, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім алуға басым құқықты иеленді.

16. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды салалас мамандықтарға оқуға ақылы негізде қысқартылған мерзімдерге қабылдауды ҚҚЭУ-дің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Салалас мамандықтарға қабылдау орта кәсіптік білім мамандықтарының жоғары білім мамандықтарына сәйкестік тізбесін есептей отыра қабылдау комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі. Жоғары кәсіптік (жоғары) білімі бар азаматтарды ақылы негізде қысқартылған мерзімдердегі оқуға қабылдауды ҚҚЭУ-дің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

2. Өндірістен қол үзіп оқуға қабылдау

17. Күндізгі бөлімге студенттерді қабылдау бюджеттік қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы және ақылы шарттық негізде:

5В030100 «Юриспруденция»;

5В030400 «Кеден ісі»;

5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»;

5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»;

5В070300 «Ақпараттық жүйелер»;

5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»;

5В050600 «Экономика»;

5В051300 «Әлемдік экономика»;

5В050700 «Менеджмент»;

5В050800 «Есеп және аудит»;

5В050900 «Қаржы»;

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

5В051100 «Маркетинг»;

5В090200 «Туризм»;

5В091200 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»;

5В090500 «Әлеуметтік жұмыс»;

5В090800 «Бағалау»;

5В020200 «Халықаралық қатынастар» мамандықтар бойынша жүргізіледі.

18. Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша келесі пәндерден:

қазақ тілі немесе орыс тілінен (оқыту тілі);

Қазақстан тарихынан;

математикадан;

таңдаған пәнінен.

Кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша кем дегенде 7 балл, қалған пәндер бойынша – кем дегенде 4 бал жинаған, ағымдағы жылдың жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері мен кешенді тестілеуге қатысқандар университетке ақылы оқуға қабылданады.

19. Университет ақылы шарттық негізде қысқартылған мерзімдерге (оку мерзімі – 3 жыл) оқуға:

5В030100 «Юриспруденция»;

5В030400 «Кедең ісі»;

5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»;

5В070300 «Ақпараттық жүйелер»;

5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»;

5В050600 «Экономика»;

5В050700 «Менеджмент»;

5В050800 «Есеп және аудит»;

5В050900 «Қаржы»;

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

5В051100 «Маркетинг»;

5В090200 «Туризм»;

5В090500 «Әлеуметтік жұмыс»;

5В090800 «Бағалау» мамандықтар бойынша қабылдайды.

Оқуға қабылдау салалас мамандықтар бойынша орта кәсіптік білімі бар азаматтармен әңгімелесу нәтижелері бойынша өткізіледі. Үздік дипломы бар тұлғалар қабылдау комиссиясының шешімі бойынша әңгімелесуден босатылады.

20. Студенттер қатарына қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша 2010 жылдың 10-нан 25-ші тамызға дейінгі аралықта өткізеді.

21. Азаматтарды қабылдау туралы:

өтнішке жалпы орта;

бастауыш кәсіптік (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғарғы білім туралы құжат (түпнұсқа);

3x4 көлеміндегі 6 фотосурет;

№086-у үлгісіндегі дәрігерлік анықтама;

Ф-063 профилактикалық егулер картасы (түпнұсқа немесе көшірмесі);

мемлекеттік сертификат;

сондай-ақ  білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлікті (егер ол бар болса) тіркейді.

22. Күндізгі оқитын студенттердің оқу уақытында, ҚР Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі кейінге қалдырылады.

23. Университеттің барлық мамандықтары бойынша күндізгі бөлімдегі оқу мерзімі – 4 жыл, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша – 3 жыл.

 

3. Өндірістен қол үзбей оқуға  қабылдау

24. Сырттай-қашықтықтан оқытуға студенттерді қабылдау, ақылы негізде:

5В030100 «Юриспруденция»;

5В030400 «Кеден ісі»;

5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»;

5В070300 «Ақпараттық жүйелер»;

5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»;

5В050600 «Экономика»;

5В050700 «Менеджмент»;

5В050800 «Есеп және аудит»;

5В050900 «Қаржы»;

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

5В051100 «Маркетинг»;

5В090200 «Туризм»;

5В090500 «Әлеуметтік жұмыс»;

5В090800 «Бағалау» мамандықтары бойынша жүргізіледі.

25. Сырттай-қашықтықтан оқыту бойынша өтініштер 2010 жылдың 20 маусымнан 20 тамызға дейін қабылданады.

26. Студенттер қатарына қабылдау 2010 жылдың тамыздың 20-нан 25-не дейін жүргізіледі.

27. Жоғары кәсіптік білімі бар, сондай-ақ салалас мамандықтар бойынша орта кәсіптік білімі бар азаматтар қысқартылған мерзімдегі оқытуға әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсу емтихандарынсыз қабылданады. Жоғары немесе орта кәсіптік білімі туралы үздік дипломы бар тұлғалар қабылдау комиссиясының шешімі бойынша әңгімелесуден босатылады.

28. Орта жалпы білім базасында оқуға түсушілер аталған ереженің 7-тармағына сәйкес орта жалпы білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу формасында оқуға түсу емтихандарын тапсырады.

29.Барлық мамандықтар бойынша қашықтықтан-сырттай оқу бойынша оқыту мерзімі – жоғары кәсіптік білім базасында – 2 жыл, салалас мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім беру базасында – 3 жыл.

 

Университетке оқуға түсу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсырады:

100009, Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі, 9, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті. Қабылдау комиссиясы. Анықтама үшін телефон: 8 (7212)44-15-72

 

Құрастырушы:

қабылдау комиссиясының

жауапты хатшысы

э.ғ.к., доцент                                                                          В.И. Березюк

 

Келісілген:

Сапа және маркетинг

орталығының директоры

х.ғ.к., доцент                                                                         Л.Т. Балмагамбетова