Ректордың алғыс хаты

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры э.ғ.д., профессор Е.Б.Аймағамбетов Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми зерттеу институтының ұжымына Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында «25 жұлдызды күн» республикалық акциясы шараларын ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында өткен республикалық акция аясында ЭҚЗ ҒЗИ ұжымы бірқатар ғылыми семинар мен дөңгелек үстелдерді табысты өткізді және басқа да шараларға белсенді қатысты. Оларға мемлекеттік органдардың, ЖОО, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылып, студенттердің, магистранттардың және докторанттардың үлкен тобы қамтылды.

 Ректордың алғыс хаты