Астана

Астана Кітапхана және ҚҚЭУ оқу теледидар орталығымен 2016 жылдың 14 –інші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында «25 жұлдызды күндер» келесі іс-шаралар өткізілді:
1. "Дөңгелек үстел "Астана – табыс стратегиясы" Алпысбаев А –мәслихат депутаты, Теміртау қ., домна пешінің көрікшісі, Нарынов Е., Жексенбай Н..– жас ақындар, студенттер және кітапхана мен оқу теледидар қызметкерлерінің қатысуымен. Дөңгелек үстелдің қатысушылары және қонақтары егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелерді, қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі мен тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Астананың рөлін талқылады.
2. Колледж оқушылар мен университет студентердің арасында өткен «Отанның кепілі - Елбасының жетістіктерінде» атты эссе байқауына қатысқан үшін І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттау.
3. Кітапхана оқу залдарында және оқу теледидарда «Н. Назарбаевтың феномені» деген фильм көрсетілді.
4. Кітапхана холлында «Астана менің жүрегімде» қыстырғыш фотокөрмесі ұйымдастырылды, фотосуреттерді студенттер мен университет қызметкерлері ұсынды .

5. Кітапхана инфокиоскілерде «Астана – біздің Отанымыздың жүрегі» тұсаукесері ұсынылды.

2016 жылғы 21 қарашадаң бастап оқырманның назарына кітапханада  «Н.Назарбаев - адам және саясаткер» және «Қазақстандық жол – тұрақтылық – жаңарту арқылы – өркендеуге»атты иллюстрациялық кітап көрмелері безендірілген.

 

Астана Астана Астана