«Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу

«Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу2016 жылдың 05 желтоқсан күні сағат 14.00-16.00 аралығында экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының аясында «Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» атты еңбек ардагерлерінің студенттермен кездесу шарасын ұйымдастырды. Аталмыш кездесуге Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, кафедраның ардагер оқытушылары және студенттер қауымы қатысты. Шақыртылған қонақтар: Колина М.К., Абдреимов И.Ш., Бакеев К.
Кездесу қорытындысы бойынша еңбек арагерлеріне алғыс айтылып, шағын сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етіледі, сондай-ақ студенттер арасында «Менің Қазақстанның гүлденуіне қосқан үлесім» тақырыбына өткізілген эссе байқауының қорытындысы жарияланып, үздіктер марапатталды.
1 орын – Югокпаева Дайана УА-22, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының аға оқытушы Такирова Г.А.
2 орын – Милова Анастасия УА-14с, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Коккозова А.Б.
3 орын – Омаров Айбар ГМУ-11к, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Х.

 

«Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу «Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу «Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus